Понедельник, 24 Августа 2026

Заң мен Тәртіп: Қонаевта туристік маусымдағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Заң мен Тәртіп: Қонаевта туристік маусымдағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов туристік маусымдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға Қонаев қаласының прокуратурасы, Полиция басқармасы, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы және қала әкімдігінің салалық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Тимур Ақмұрзаевтың айтуынша, демалыс орындарының қауіпсіздігін зерделеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бүгінгі күнге дейін 140 демалыс орнының 40-ы тексеріліп, оның 15-інде қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны анықталған. Атап айтқанда, бірқатар нысанда қауіпсіздік белгілері, құтқарушылар мен құтқару мұнаралары, бейнебақылау камералары және санитарлық тораптар талапқа сай болмаған. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті актілер толтырылып, заң аясында шара қабылдау үшін материалдар табиғат қорғау прокуратурасына жолданды.

Өз кезегінде Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Дидар Асқарбекұлы демалыс орындарында жиі кездесетін мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, кейбір демалыс орындары жалға берілгенімен, жалға алушы кәсіпкерлер келушілердің қауіпсіздігіне толық жауап бермейді. Сондай-ақ мамандардың мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы бері бес адам суға кетіп қайтыс болған. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде суға түсу, қауіпсіздік талаптарын сақтамау, алкогольдік ішімдік ішу және ауа райының қолайсыз кезінде суға түсу.

Қала әкімі барлық жауапты мекемелерге қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

«Шомылу маусымы басталғалы бес адам суға кетіп қайтыс болды. Бұл – алаңдатарлық жағдай. Сондықтан демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының толық орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Иесіз қалған жағалауларды коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың қарауына беру мәселесін қарастыру керек. Ал талаптарды сақтамаған демалыс орындары заң аясында жауапкершілікке тартылуы тиіс. Арнайы құрылған жұмыс тобы тексеру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырсын», – деді Асхат Бердіханов.

Сонымен қатар шаһар басшысы шомылуға тыйым салынған аумақтарды ерекше бақылауға алып, демалыс күндері ол жерлерде кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

«Суға кету фактілерінің басым бөлігі Солтүстік жағажай аумағында тіркелуде. Сондықтан әрбір демалыс орнының басшысы төтенше жағдай туындаған кезде жауапты болатын қызметкерлерді бұйрықпен бекітуі тиіс. Бейнебақылау камераларын орнату және шағын көлемді жүзу кемелеріне арналған айыппұл тұрағын жабдықтау мәселесін де жедел шешуді тапсырамын», – деді қала әкімі.

Кеңес қорытындысы бойынша хаттама жасалып, орындау үшін жауапты мекемелердің барлығына жолданды.

Другие новости

Туя меняет  облик городов

Туя меняет облик городов

Развитие питомников и увеличение объемов отечестве...

  24.08.2026   84
Жилищный вопрос - в приоритете

Жилищный вопрос - в приоритете

Сразу 21 семья из социально уязвимых категорий нас...

  24.08.2026   84
В Алматинской области  на избирательные участки пришли 742 307 человек

В Алматинской области на избирательные участки пришли 742 307 человек

Парашютист, спустившийся с неба к избирательному у...

  24.08.2026   77
БДИПЧ отметило публичность процедур и меры по защите электоральной добросовестности

БДИПЧ отметило публичность процедур и меры по защите электоральной добросовестности

Открытость избирательных процедур, возможность нац...

  24.08.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.