Суббота, 10 Октября 2026

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Іле ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда Ата Заңның тарихи маңызы, қоғамдағы орны және ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөлі кеңінен талқыланды.

Жиынға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов төрағалық етті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен жастар қатысты.

Өз сөзінде аудан әкімі жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздегі саяси реформалардың заңды жалғасы әрі Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

– Жаңа Конституция – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейткен тарихи құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеріп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы айтқандай, «Заң мен тәртіп» – мемлекет саясатының ғана емес, бүкіл қоғамның өмір сүру қағидатына айналуы тиіс, – деді Қайыржан Жақсымбетов.

Жиын барысында жаңа Конституцияда көзделген өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың ел өміріне белсенді қатысуына жағдай жасаудағы маңызы жан-жақты сараланды.

Іле ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Іле ауданының Құрметті азаматы Әмзе Исаев жаңа Конституцияның қоғамдық тұрақтылықты, ел бірлігі мен заң үстемдігін нығайтудағы рөліне тоқталды.

Ал Іле ауданының Аналар кеңесінің төрайымы, Іле ауданының Құрметті азаматы Мейрамкүл Жәбиева Ата Заңның отбасы институтын нығайтуға, қоғамдық келісім мен ұлттық құндылықтарды сақтауға қосатын үлесін атап өтті.

Жастар атынан сөз алған Іле аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Диана Қанатова жаңа Конституция жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашқанын жеткізді.

Жиын қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттау, заң үстемдігін нығайту және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік құқықтық негізі. Ал оны жүзеге асыру – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Другие новости

Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  10.10.2026   78
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  10.10.2026   81
Личная территория в цифровом мире

Личная территория в цифровом мире

Приведем в пример одну очень показательную статист...

  10.10.2026   97
Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   141
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.