Пятница, 17 Июля 2026

Мейірім – адамзатқа ортақ құндылық

Мейірім – адамзатқа ортақ құндылық

Алматы облысы, Іле ауданында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы отбасыларды қолдау бағытындағы қайырымдылық бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Астана күні қарсаңында осындай игі істердің бірі жалғасын тауып, көпбалалы, толық емес және аз қамтылған 40-қа жуық отбасының балаларына жаңа оқу жылына қажетті сапалы киім-кешектер табысталды.

«GJ» компаниясының қолдауымен ұсынылған сапалы киім-кешектер балалардың жаңа оқу жылына сенімді қадам басуына мүмкіндік беріп, ата-аналар үшін үлкен демеу болды. Бұл қайырымдылық көмегі көптеген отбасының материалдық жүктемесін жеңілдетіп, балалардың жүздеріне шаттық сыйлады.

Қайырымдылық бастамасының жүзеге асуына «Домики – Жақын жандар» қайырымдылық жобасының амбассадоры, «Республикалық бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ырза Тұрсынзада ұйытқы болды. Оның бастамасына демеушілер қолдау көрсетіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына сапалы киімдер табысталды. Ырза Тұрсынзада ұзақ жылдан бері қайырымдылық саласында белсенді еңбек етіп, көптеген отбасыға қолдау көрсетіп келеді. Оның игі бастамалары қоғамдағы жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Іле ауданы әкімінің орынбасары Асқар Садықов мұндай қайырымдылық бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Балаларға көрсетілген әрбір қамқорлық – олардың жарқын болашағына қосылған маңызды үлес. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай қайырымдылық бастамалары қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты нығайтып, адамдардың бір-біріне деген сенімін арттырады. Қайырымдылық ісіне үлес қосқан барлық демеушілерге, «GJ» компаниясына, «Домики – Жақын жандар» қайырымдылық жобасының амбассадоры, «Республикалық бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ырза Тұрсынзадаға және оның ұжымына Іле ауданы тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін. Осындай ізгі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамымыздағы бірлік пен өзара қолдауды одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді ол.

Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, ол қоғамдағы адамгершілік, жанашырлық және өзара қолдау құндылықтарын нығайтатын маңызды іс. Әсіресе балаларға көрсетілген қамқорлық олардың болашаққа деген сенімін арттырып, қоғамның әрбір мүшесіне мейірім мен қамқорлықтың құндылығын сезіндіреді.

Алдағы кезеңде де демеушілердің қолдауымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсету жұмыстары жалғасады. Акция барысында мұқтаж оқушылар мектеп формасымен, аяқ киіммен, мектеп сөмкелерімен және оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл бастама жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың сапалы білім алуына жағдай жасап, ата-аналарға қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Іле ауданында жүзеге асырылып жатқан осындай игі бастамалар әлеуметтік жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға зор үлес қосуда. Өйткені жақсылық жасау – адамды адамға жақындататын, елдің берекесін арттыратын ең асыл құндылық.

Другие новости

В Алматинской области открылся крупный логистический хаб

В Алматинской области открылся крупный логистический хаб

Сегодня в Алматинской области состоялась торжестве...

  17.07.2026   64
Наследие бия, батыра и дипломата

Наследие бия, батыра и дипломата

Сары бий Бозымулы вошел в историю казахского народ...

  17.07.2026   52
Гражданин в центре закона

Гражданин в центре закона

В новой Конституции много сказано о правах человек...

  17.07.2026   116
Главное право - быть человеком

Главное право - быть человеком

В новой Конституции прямо сказано, что честь и дос...

  17.07.2026   107
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.