Воскресенье, 01 Ноября 2026

БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде

БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында «Жер ырысы - 2026» агрофестивалі басталды. Екі күнге жоспарланған шара барысында өңір шаруалары заманауи технологиялармен танысып, білікті мамандардан, сарапшылардан кеңес алмақ. Фестивальға елімізден және алыс-жақын шетелден 40-тан астам компания қатысуда.

Дәстүрлі шара биыл 5-ші рет өтіп отыр. Бұл күні өңір шаруалары ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарынан хабардар болады, ветеринария мен өсімдік қорғаудағы соны тәсілдер туралы тісқаққан сарапшылардан сұрап біледі.

Орал өңірі еліміздегі ең аграрлық аймақтар қатарында, мал саны жөнінен жетекші орында. Еділбай қойы мен Көшім жылқысы, қазақтың ақбас сиыры да осы жерде пайда болған. Егін шаруашылығы да дамып келеді. Биыл жекелеген шаруашылықтар күздік бидайдың гектарынан 100 центнерден өнім жинауда. Осының бәрі мемлекеттік қолдаудың жемісі, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы мен қолдауының арқасында бүгінде аграрлық салаға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Кейінгі 3 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 190 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар да жүйелі жүзеге асырылуда.

Другие новости

Новый павильон для местных производителей

Новый павильон для местных производителей

В городе Қонаев начал работу новый торговый павиль...

  31.10.2026   128
ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

ДДСҰ басшысы Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қолдау саясатына ризашылығын білдірді

Тедрос Аданом Гебрейесус 77 мың медицина қызметкер...

  31.10.2026   111
Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Глава ВОЗ высоко оценил вклад Токаева в реализацию концепции «Здоровье для всех»

Тедрос Аданом Гебреисус отметил решение повысить з...

  31.10.2026   106
Образованное поколение

Образованное поколение

В своем Послании народу Казахстана «Актуальные зад...

  31.10.2026   110
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.