Суббота, 03 Октября 2026

Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты таңдау

Құрылтай сайлауы – ел болашағына жауапты таңдау

Құрылтай сайлауы – қоғамның даму бағытын айқындайтын маңызды саяси үдеріс. Бұл ретте білім саласы өкілдерінің де азаматтық жауапкершілігі айрықша. Себебі сапалы білім – елдің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің берік негізі.

Бүгінде білім беру жүйесінде мұғалім мәртебесін арттыру, оқу бағдарламаларын заман талабына сай жетілдіру, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайту және әр балаға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау – басым бағыттардың бірі.

Сонымен қатар цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен сыни ойлау дағдыларын дамыту – уақыт талабы. Бұл міндеттердің нәтижелі жүзеге асуы елдің адами капиталының сапасына тікелей әсер етеді.

Құрылтай сайлауында қабылданатын шешімдердің әрқайсысы елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына, соның ішінде өскелең ұрпақтың болашағына ықпал етеді. Сондықтан әр азаматтың таңдауы – үлкен жауапкершілік.

Білім саласының өкілдері ретінде біз елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымымызды танытып, саналы таңдау жасауымыз қажет. Мемлекет мүддесін жоғары қоятын, қоғамның дамуына нақты үлес қоса алатын азаматтарды қолдау – ортақ жауапкершілігіміз.

Бірлігіміз бен белсенді азаматтық ұстанымымыздың арқасында сапалы білім мен кемел келешекке бірге қадам басайық!

Ардақ Сатова, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Другие новости

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қаз...

  03.10.2026   116
В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева

В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева

В Алматинской области масштабно отмечают 180-летни...

  03.10.2026   119
Право начинается со школьного порога

Право начинается со школьного порога

Пять новых школ на 4200 мест открылись этой осенью...

  03.10.2026   133
По словам Главы государства, новые возможности искусственного интеллекта открывают широкие горизонты для развития потенциала молодежи

По словам Главы государства, новые возможности искусственного интеллекта открывают широкие горизонты для развития потенциала молодежи

По словам Главы государства, новые возможности иск...

  02.10.2026   197
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.