Суббота, 10 Октября 2026

Алматы облысында суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде

Алматы облысында суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде

Бүгін Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі жанындағы суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева, сондай-ақ Алматы облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова қатысты.
Отырыс барысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, өңірде суицидтің алдын алу жүйесін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің психоэмоционалдық жай-күйін ерте кезеңде бағалау, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу, қолжетімді психологиялық көмек көрсету тетіктерін кеңейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиында суицидтік тәуекелдердің алдын алуда қауіп-қатер факторларын дер кезінде анықтау мен психологиялық қолдауды қажет ететін азаматтарды үздіксіз сүйемелдеудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл бағытта Облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары аудан-қалаларда көшпелі консультациялық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, дағдарыстық жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетуде. Сонымен қатар медициналық және білім беру ұйымдарының мамандарына әдістемелік көмек беріліп, олардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Күн тәртібінде халыққа психологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мәселелері де қаралды. Атап айтқанда, сенім телефондары мен цифрлық байланыс арналарының тиімділігін күшейту, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Отырыста білім беру ұйымдарында жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға ерекше басымдық берілді. Қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, педагогтердің, ата-аналардың және оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балалардың эмоционалдық әл-ауқатындағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, қажетті қолдау көрсету – профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екені атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар суицидтің алдын алу мәселесі барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен әрі үйлесімді іс-қимылын талап ететін маңызды бағыт екенін атап өтті. Медициналық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, психологтердің, әлеуметтік қызметтердің, құқық қорғау органдарының, ата-аналар мен жұртшылықтың өзара ықпалдастығы өңір тұрғындарының, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен психикалық саулығын сақтаудың басты кепілі болып қала береді.

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   124
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   123
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   116
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   125
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.