Среда, 07 Октября 2026

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдегі ең үздік 25 елдің қатарына енді — Катаржина Вавьерниа

Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдегі ең үздік 25 елдің қатарына енді — Катаржина Вавьерниа

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды үнемі кеңейте отырып, цифрландыру саласындағы өз орнын нығайтып келеді. Бұл нәтижелер Астанада өткен «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum-ында ұсынылды.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианың айтуынша, ел мықты цифрлық негіз құрып, халықаралық рейтингтердегі орнын айтарлықтай жақсартты.

Осылайша, БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексінде Қазақстан әлемдік деңгейде 29-шы орыннан 24-ші орынға көтеріліп, жаһандық үздік 25 елдің қатарына енді.

Сонымен қатар, цифрлық байланыс кеңейіп, мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа ауысуда, ал экономика құрылымында технологиялық қарқынды өндірістің рөлі артып келеді.

Трансформацияның тағы бір бағыты — жаңартылатын энергетиканы дамыту. Жаңартылатын көздерден өндірілетін электр энергиясының үлесі екі еседен астамға артып, 7% — ға жетті.

Жаңартылатын энергия көздерінің өсуі Қазақстанның энергетикалық жүйесін біртіндеп жаңғыртудың және тұрақты даму моделіне көшудің бөлігі ретінде қарастырылады.

Осылайша, цифрлық және энергетикалық трансформация елдің жаңа даму моделінің бірін-бірі толықтыратын элементтеріне айналуда. Бір жағынан, Қазақстан заманауи цифрлық инфрақұрылым құрып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып жатыр, ал екінші жағынан, энергетикалық құрылымын біртіндеп әртараптандыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum өтті. Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

kisi.kz

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   87
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   80
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   85
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.