Среда, 07 Октября 2026

«Дала демократиясы»: ақсақалдар ел тарихына тоқталып, Құрылтай сайлауында дауыс берді

«Дала демократиясы»: ақсақалдар ел тарихына тоқталып, Құрылтай сайлауында дауыс берді

Талғар ауданындағы №820 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің қатарында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов та бар. Ақсақал Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Осы арқылы ол жерлестеріне азаматтық жауапкершіліктің маңызын өз ісімен көрсетті.
«Ежелгі ата-бабаларымыздың заманында, Қазақ хандығы дәуірінде маңызды шешімдер Құрылтайда қабылданған. Оған ру өкілдері, ел билеген игі жақсылар, батырлар мен билер жиналған. Мұндай басқару үлгісін дала демократиясы деп атауға болады. Заман өзгергенімен, ұлттық болмысымыз өзгермейді. Жүздеген жыл бұрынғыдай, бүгін де Қазақстанның болашағы біз үшін маңызды. Сондықтан елдің саяси өміріне белсене араласып, өз таңдауымызды жасап келеміз», – деді Ахат Солтанқұлов.
Ақсақал үшін сайлауға қатысып, дауыс беру – ертеден қалыптасқан азаматтық ұстаным. Оның айтуынша, қоғамдағы бірлік, өзара сыйластық пен елдегі тыныштық көп жағдайда адамдардың бір-біріне деген құрметіне  байланысты.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   84
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   79
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   83
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.