Среда, 07 Октября 2026

«Голос» жобасының қатысушысы алғаш рет сайлауға қатысты

«Голос» жобасының қатысушысы алғаш рет сайлауға қатысты

18 жастағы Аяжан Ізбасардың үлкен сахнада өнер көрсетіп жүргеніне біраз болды. Ол халықаралық фестивальде жеңімпаз атанып, телевизиялық вокалдық жобаға да қатысты. Ал, бүгін,  23 тамызда жас әншінің өмірінде тағы бір маңызды оқиға болды – ол алғаш рет сайлауға қатысып, Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Аяжан музыкалық колледждің төртінші курс студенті. «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Жас өнерпаз The Planet of Art халықаралық фестивалінде жеңіске жетіп, Мәскеуде өткен халықаралық фестивальде өнер көрсеткен. Ал 2025 жылы «The Voice ҚАЗАҚСТАН» жобасында бағын сынады.

Сахна, көрермен және байқау алдындағы толқу Аяжанға жақсы таныс. Алайда бұл жолы оның толқуына себеп болған жағдай мүлде басқа еді. Аяжан бүгін сайлау учаскесіне алғаш рет сайлаушы ретінде келді.

Құжаттары тексерілгеннен кейін ол алғашқы бюллетенін алып, өз таңдауын жасады.

«Бүгін алғаш рет өз дауысымның Қазақстанның болашағы үшін маңызды екенін сезіндім. Әрине, аздап толқыдым. Бұған дейін сайлауды сырттай бақылап жүретінмін. Енді қоғамымыз бен еліміздің болашағына қатысты шешімдерге өзім де қатыса алатынымды түсіну мені қуантты», – деді Аяжан.

Он сегіз жас – дербес шешімдер қабылдап, жаңа жауапкершілікке қадам басатын кезең. Аяжанның сахнадағы алғашқы қадамдары мен өнердегі жетістіктеріне енді өміріндегі маңызды белес – алғаш рет дауыс берген күні қосылды.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   87
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   80
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   85
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.