Среда, 07 Октября 2026

Алматы облысындағы сайлау учаскесіне «Абай» келді

Алматы облысындағы сайлау учаскесіне «Абай» келді

Ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған Абайдың тағылымды сөздері бүгін Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесінде көпшілікке ой салды.
Құрылтай депутаттарын сайлауға театр және кино актері, режиссер-педагог Берікқан Төкенов Абай Құнанбайұлының образында келді. Өз таңдауын жасағаннан кейін актер хакімнің «Қара сөздерінен» үзінді оқыды.

Бұл көрініс сайлау учаскесіне келген жұртқа ерекше әсер қалдырды. Қолына бюллетень ұстаған тұрғындар бір сәт дауыс беруден бөлек, ұрпақтан ұрпаққа жеткен Абайдың ғибратты сөздеріне құлақ түрді.
Абай мұрасы – халқымыздың рухани қазынасы. Оның білім мен ғылым, адамгершілік пен ар-ұят, елдік пен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы ойлары арада қанша уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан емес.
Берікқан Төкеновтің Абай бейнесінде сайлау учаскесіне келуі дауыс беру күнінің есте қаларлық сәттерінің біріне айналды. Бұл көрініс хакім мұрасының бүгінгі өмірмен сабақтасып, оның тағылымды ойларының әлі де қоғам үшін маңызды екенін көрсетті.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   89
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   83
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   87
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   78
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.