Суббота, 10 Октября 2026

Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру орнына қонды

Алматы облысында парашютші ұшақтан секіріп, дауыс беру орнына қонды

Парашютшінің бұл әрекеті жиналған жұрт үшін күтпеген жағдай болды. Іле ауданының тұрғындары спортшының ұшақтан жерге құлдилаған сәтін қызыға тамашалады. Ол дауыс беру орнына дәл қонды. Бұл ерекше акцияны жүзеге асырған – запастағы офицер, парашюттік дайындық бөлімінің командирі, тандем-нұсқаушы Тимофей Меркулов. 
Ол – Мысырдағы пирамидалардың маңына қонған алғашқы қазақстандық спортшы. Сондай-ақ Эльбрус тауына секіріп, АҚШ аспанында өткен 100-way халықаралық әуе формациясына қатысқан. Оның еншісінде әртүрлі үлгідегі парашюттермен жасаған 1 700-ден астам секіру бар.
«Жақында өңірде авиация мен парашют спортын насихаттайтын тамаша авиациялық фестиваль өтті. Бұл халықтың авиация мен парашют спортына қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Бүгін оны әрі қарай жалғастырып, сайлау учаскесіне секіруді ұйғардық. Осы арқылы авиация мен парашют спортына, сондай-ақ ел үшін маңызды оқиға – Құрылтай сайлауына көпшілік назарын аударғымыз келді. Мен үшін дауыс беру – аспанда қабылданатын әрбір шешіммен тең жауапты міндет әрі азаматтық борыш», – деді Тимофей Меркулов.
Бұл жайт тұрғындар үшін есте қаларлық сәтке айналды. Мұны көрген көпшілік маңызды күннің мәнін түсініп, сайлау учаскелеріне ағылды. Әрине, олар экстремалды трюктер жасаған жоқ, дегенмен бәрі сайлауда өз таңдауын жасады. Осылайша, Іле ауданындағы дәстүрлі дауыс беру ерекше оқиғамен толықты.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   125
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   124
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   118
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   126
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.