Суббота, 10 Октября 2026

Этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру туралы

Этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру туралы

Алматы облысында шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру тәртібі және оларды қабылдаушы өңірлерге қоныстандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Бахытұлының  қатысуымен аудан-қалалық әкімдермен және уәкілетті органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу  барысында «қандас» мәртебесін беру рәсіміне енгізілген өзгерістер, этникалық қазақтарды қабылдау және оларды қоныстандырудың  қолданыстағы  тәртібі талқыланды. 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап Алматы облысында «Қандас» мәртебесін алуға өтініштерді қабылдау пилоттық жобаға байланысты жаңа тәртіппен жүзеге асырылуда.      
Отырыста Пилоттық жоба шеңберіндегі талаптар қаралды.
Жиында Алматы облысына өз бетінше келген этникалық қазақтардың құқықтық мәртебесін реттеу, оларды белгіленген қабылдаушы өңірлерге бағыттау, құжаттарын рәсімдеу және әлеуметтік бейімдеу мәселелерін уақтылы ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. 
Кездесуде шетелден келген этникалық қазақтарға «қандас» мәртебесін беру рәсімдерін түсіндіру, оларды қабылдаушы өңірлерге заңнамаға сәйкес қоныстандыру және мемлекеттік қолдау шараларымен қамту бағытындағы жұмысты үйлестіру мәселелері бойынша аудан-қалалық тиісті органдарға тапсырмалар берілді. 

Другие новости

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев ознакомился с реализацией крупных проектов в Алматы и Алматинской области

Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налиб...

  09.10.2026   124
Политическая ответственность после выборов

Политическая ответственность после выборов

Новая Конституция связывает депутатский мандат с п...

  09.10.2026   123
Курултай и личная ответственность

Курултай и личная ответственность

Депутаты Курултая по новой Конституции приносят пр...

  09.10.2026   116
Мандат требует участия

Мандат требует участия

Конституция закрепляет личное голосование депутата...

  09.10.2026   125
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.