Пятница, 23 Октября 2026

Қазақстан көк бөрі мен көкпардан жарысты аяқтады

Қазақстан көк бөрі мен көкпардан жарысты аяқтады

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалдық күні ұлттық ат спортының екі түрі — көк бөрі мен көкпардан тартысты бәсекеге ұласты.

Көк бөріден өткен финалда Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болып, жарыс қожайындарына жол берді. Ұлттық құрама сапында Алматы облысының өкілдері — Самат Жаманқара мен Айбар Тоқтанай өнер көрсетті.

Кейін көкпардан шешуші кездесу өтті. Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, тартысты ойын қорытындысы бойынша 2:7 есебімен жеңіліс тапты. Алтын жүлде — Қырғызстанға, күміс — Қазақстанға, қола — Ресей құрамасына бұйырды.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Алматы облысының спортшылары — Ынтымақ Алипбаев, Нұржігіт Пермебай және Бақытжан Әзімбай өнер көрсетті. Финалда Қазақстан құрамасының екі салымының бірін Ынтымақ Алипбаев орындады.

Қазақстан көкпары үшін бұл финал да спорт тарихындағы маңызды белестердің бірі болды. Айта кетейік, осыған дейін ұлттық құрамалар деңгейінде көкпардың қолданыстағы ережелері бойынша Қазақстан мен Қырғызстан үш рет кездесіп, оның үшеуінде де қазақстандықтар жеңіске жеткен еді. Бұл жолғы кездесу Қырғызстан құрамасының Қазақстанды көкпардан алғаш рет жеңуімен ерекшеленді.

Другие новости

Будущее глазами матери

Будущее глазами матери

Когда у тебя трое детей, начинаешь смотреть на буд...

  23.10.2026   78
Дело с женским характером

Дело с женским характером

Жительница Талгара Ботагоз Кожабекова прошла путь...

  23.10.2026   65
Торговые предприятия Казахстана подготовили специальные предложения ко Дню Республики

Торговые предприятия Казахстана подготовили специальные предложения ко Дню Республики

В Казахстане продолжаются республиканские акции Re...

  22.10.2026   137
День Республики: В городе Қонаев началась реконструкция улицы Абая

День Республики: В городе Қонаев началась реконструкция улицы Абая

В городе Қонаев в преддверии Дня Республики началс...

  22.10.2026   147
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.