Вторник, 06 Октября 2026

Кеген ауылында жаңа футбол және балалар ойын алаңы ашылды

Кеген ауылында жаңа футбол және балалар ойын алаңы ашылды

Кеген ауылында бұқаралық спортты дамытуға және өскелең ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған шағын  футбол және балалар ойын алаңы ел игілігіне пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев, аудан прокуроры Алмат Аметжанұлы Данилов, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуанышбек Жақыпбекұлы Төлепбердиев, спортшылар, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында жаңа нысанның ашылу рәсімі өтіп, құрметті қонақтардың қатысуымен қызыл лента қиылды.

Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа спорт алаңына ақжолтай тілектерін білдірді.

Жаңа футбол алаңы – балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлкен мүмкіндік.

Ал балалар ойын алаңы бүлдіршіндердің қауіпсіз әрі көңілді демалысына арналған жайлы орынға айналмақ.

Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы жаңа нысанның ауыл балалары үшін маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, 2026 жылғы Азия чемпионы Дәурен Қадыр Ринатұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі. 
Ал, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қуанышбек Жақыпбекұлы ақ батасын берді.

Сондай-ақ жаңа алаңның алғашқы доп тебу рәсімі ұйымдастырылып, аудан әкімі мен құрметті қонақтар алаңға шығып,  алғашқы допты тепті.

Футболдан алғашқы жолдастық кездесу өтті.

Жас спортшылар жасыл алаңда өзара бақ сынасып, көрермендерге тартысты ойын сыйлады.

Другие новости

8 медалей и исторические результаты: Алматинская область подвела итоги Азиады-2026

8 медалей и исторические результаты: Алматинская область подвела итоги Азиады-2026

На XX летних Азиатских играх в Айти–Нагое спортсме...

  05.10.2026   113
В Алматы встретили призеров Азиатских игр по дзюдо

В Алматы встретили призеров Азиатских игр по дзюдо

В Международном аэропорту Алматы торжественно встр...

  05.10.2026   140
Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Туризм саласынан Алматы облысының бюджетіне 4 млрд теңгеге жуық табыс түсті

Туризм саласы Алматы облысының бюджетіне қомақты к...

  05.10.2026   150
В бюджет Алматинской области от туризма поступило около 4 млрд тенге

В бюджет Алматинской области от туризма поступило около 4 млрд тенге

Туристическая отрасль приносит значительные доходы...

  05.10.2026   143
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.