Четверг, 08 Октября 2026

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары мектеп асханаларын тексерді

Қонаев қаласы әкімінің орынбасары мектеп асханаларын тексерді

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сай, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова шаһардағы мектеп асханаларын тексерді.

Қала мен оған қарасты елді мекендерде 16 білім ошағы орналасқан. Жалпы шаһар бойынша бастауыш сыныпта оқитын 5682 бала, әлеуметтік осал топтан шыққан 743 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Бүгін Сәуле Қайырлықызы 6 мектепке барды. Әкім орынбасары барлық асханада дайындалған тағамдардың дәмін татып, сусынын ішіп көрді. Сондай-ақ ол асхананы жалға алушы кәсіпкерлердің санитарлық талапқа сәйкестігі жайлы құжаттарын, тамақ сапасын бақылауда ұстауға міндетті медбикелердің журналын қарап шықты. 

«Облыс әкімі ауқымды жиын барысында мектеп асханасын бизнеске айналдыруға болмайтынын айтты. Заңмен тыйым салынбаса да, жеке кәсіпкерлер 4-5-тен асхананы жалға алып, кәсіп жүргізуді қоюы керек. Сапа мен балалардың денсаулығы – бірінші орында», - деді Сәуле Нұрсолтанова.

Ол тамаққа аскөкті балалар қалауын ескере отырып қосуды ұсынды. 

«Қонаев қаласындағы мектептерде бірыңғай ас мәзірі белгіленген. Бүгінгі мәзірде күріш сорпасы, бәліш, компот даярланған. Әр тұздық не аскөк бала талғамына сай қосылғаны жөн», - деді әкім орынбасары.

Мектептерді аралау қорытындысы бойынша Сәуле Қайырлықызы асханалардағы тамақ сапасына оң бағасын берді. 

«Барлық асханалар таза, тамақтарды сақтау талаптары сақталған. 1-2 мектепке құнарлығын арттыру бойынша ескерту жасадық. Бұған дейін де білім ошақтарын бірнеше рет аралап шыққанбыз. Бүгін күннен-күнге сапаның артып келе жатқанын байқадық», - деді әкім орынбасары.

Оқу ошақтарындағы асхана сапасын тексеруге қалалық ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысты. 

«Ешқандай сын-ескертпеміз жоқ. Барлығы жақсы деңгейде», - деді ата-аналардың бірі.

Келесі жолы әкімдік мамандары басқа мектептердегі асхана жұмысымен танысады.

Другие новости

Госслужба осваивает возможности искусственного интеллекта

Госслужба осваивает возможности искусственного интеллекта

Цифровизация государственных услуг продолжается, и...

  08.10.2026   101
Искусственный интеллект приходит в депутатскую работу

Искусственный интеллект приходит в депутатскую работу

Современные технологии постепенно используются не...

  08.10.2026   106
ИИ входит в повседневную работу госслужащих

ИИ входит в повседневную работу госслужащих

Цифровые инструменты постепенно меняют подходы к р...

  08.10.2026   101
Вторая жизнь старых шин

Вторая жизнь старых шин

Отслужившая свой срок автомобильная покрышка обычн...

  07.10.2026   152
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.