Суббота, 14 Февраля 2026

Алматы облысы: Аманаттықтар 350 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті

Алматы облысы: Аманаттықтар 350 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті

«Баланы мектепке дайындайық!» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері 350-ге жуық баланы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етті. 
Игі шара партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтіп жатыр. Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлауға қолдау көрсету.
Акцияның алғашқы күні Қонаев қаласында өтті. Бұл күні AMANAT партиясының мүшелері 45 балаға мектеп формасын, оқулықтарды, сөмкелерді және кеңсе тауарларын табыстады.
AMANAT партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакуповтың айтуынша, мұндай игі шаралар облыстың барлық аудандарында жалғасын табуда.
«Мектеп жасындағы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылы басталар алдында қуаныш сыйлап, оқушыларды керек-жарағымен қамтып келе жатқан акция биыл да жалғасын тауып отыр. Бұл қайырымдылық акциясы бір рет қана өткізілетін іс-шара емес, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған партияның ауқымды жүйелі жұмысының бір бөлігі. Мәселен, бес күн ішінде фракция мүшелері 16 млн теңгеден аса соммаға 350-ге жуық баланы мектепке даярладық. Науқан соңына дейін 1 200 оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», – деді Ерлан Жакупов.
Айта кету керек, партиялықтар жаңа оқу жылына дейін мұндай шараны бірнеше мәрте ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған мәслихаттардағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция мүшелері атсалысуда.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Другие новости

Контроль  оросительных систем

Контроль оросительных систем

Весна уже на пороге, а вместе с ней подходит и гор...

  13.02.2026   101
В Шенгельды возобновил работу пункт убоя скота

В Шенгельды возобновил работу пункт убоя скота

В Шенгельдинском сельском округе, входящем в соста...

  13.02.2026   117
Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   192
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   201
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.