ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚОЛ ЖЕТІМДІ ДЕНСАУЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАҢДАЙДЫ
Шетелдік туристер үшін Қазақстантанымал орынға айналып барады. Ranking.kz берген деректерге қарасақ, 2023 жылы елімізге шетелден 9,2 миллион қонақ келіпті. Және бұл«коронавирусқа дейінгі» сырттан келген туристер санының көрсеткіштерінесай. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, былтыр сол туристер 2,3 миллиард доллар немесе триллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұлар негізінен Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Катар, Германия және БАӘ азаматтары.
«Almaty Resort» шипажайы директорының емдеу-сауықтыру жұмыстары жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаеваның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризміне шетел азаматтары қызығушылық танытуда. Оларды жоғары технологиялық медициналық қызметтер, тәжірибелі мамандар, озық технологиялар мен бірегей емдеу әдістері қызықтырады екен.
Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елімізде бальнеологиялық, климаттық ем-шара жасау үшін және лаймен емдеу үшін табиғи емдік факторларды пайдаланатын жалпы сыйымдылығы 21 291 орындық 144 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді.
«Біз 2024 жылдың бірінші жартысында «Almaty Resort» шипажайына келген туристер саны өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға артқанын байқадық. Қонақтардың көпшілігі көршілес елдерден, дәлірек айтқанда Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай елінен келеді. Алыс шет елдерге келетін болсақ, биыл бізге Ұлыбритания, АҚШ, Германия азаматтары келді», - дейді танымал шипажай басшысы.
Айта кету керек, қазақстандықтардың өзі де шетелде Check-Up немесе денсаулық диагностикасынан өткенді жөн көреді. Алайда Салтанат Шымкентбекқызы отандастарымыз тек Кореяда, Түркияда немесе Грузияда ғана заманауи медицинаның мүмкіндіктерін пайдаланады деп ойласа қателеседі дейді.
Мысалы, Almaty Resort шипажайында скринингтен жылдам әрі толықөтуге арналған Medscanner «BIORS» аталатын арнайы медициналық құрылғы бар. Процедура 10 минутқа созылады. Науқасты диванға жатқызып,оның денесіне маман арнайысезімтал,биологиялық белгі бергіш датчиктерді бекітеді. Содан кейін барлық органдар мен дене мүшелері сканерленіп, нәтижелер талданады. Бұл аппараттың жұмысы дәстүрлі диагностикалық технологиялар мен ақпараттық-есептеу бағдарламасын біріктіреді.
Бағдарлама лезде денсаулықтың жай-күйі жайлы графикалық есеп береді. Аурудың бары не жоғын көрсетіп, немесе оның даму ықтималдығын болжап, тіпті денсаулықты сақтау үшін ең қолайлы физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтанужайлы ұсыныс та дайындап береді.
«Медициналық туризмдегі бәсекелесте біздіңбасты артықшылығымыз, әрине,шетелдегідей сапалы медициналық қызметтердің, тұрудың, тамақтанудың және т.б. бағасының төмендігі. Мына тұрған Ресейден де арзан. Мысалы, әйелдерге арналған Check-up бағдарламасын алайық. Қазақстанда бұл қызмет шамамен 100 000 теңге десек, Ресейде 300 000, Түркияда 500 000, ал Еуропада миллион теңгеден асады.
Осы сомаға ұшып барып-қайтатын рейстердің бағасы мен тұратын орныңыздың шығынын қосыңыз. Үлкен айырмашылық табатыныңызға сенімдімін. Албіздің шипажайға келушілер ыңғайлы уақытта кез келген тексеруден өте алады. Кез келген диагностикалық бағдарламаларға бес күндік бөлек ваучер сатып алуға болады. Диагностикалық бағдарламада ондаған зертханалық зерттеулер, УДЗ, ЭКГ, мамандандырылған дәрігердің қабылдауы мен кеңесі кіретін кешенді қызмет бар», – дейді Салтанат Бейсембаева.
ДДҰ 40 жасқа дейінгі адамдарға екі жыл сайын, ал 40 жастан асқандарға жыл сайын тексеруден өтуді ұсынады. Скрининг жасаумен курорттық ем қабылдау процедураларын біріктіру –бұл уақыттары шектеулі, бірақ демалып, күш жинауды жоспарлайтын адамдар үшін тамаша мүмкіндік. Бағдарламаның нәтижесінде жалпы эмоционалды стрестен арылып, денсаулығыңыздың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алып, ықтимал проблемаларды анықтап, денсаулықты жақсарту немесе сақтау бойынша ұсыныстар алуға болады.