Воскресенье, 08 Декабря 2024

Мемлекеттік қызмет: әділеттілік пен ашықтыққа негізделген реформалар

Мемлекеттік қызмет: әділеттілік пен ашықтыққа негізделген реформалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде мемлекеттік қызмет саласын жаңғыртуға бағытталған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсету арқылы «Әділетті Қазақстан» құру.  
Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілердің әділдік, адалдық және мемлекетшілдік қасиеттерін нығайтуға ерекше назар аударуда. Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар арқылы ашықтық пен әділдік принциптері күшейтілді.  
Осы ретте, жүзеге асып жатқан мемлекеттік қызметті реформалау жұмыстарының үш кейсімен бөлісе кетейін.
Алғашқысы (1) жаңғыртылған «e-Qyzmet» порталын іске қосу арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімдерін жеңілдету. Ағымдағы жылдың басынан 22 болса, қазіргі таңда 44 мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа жүйе бірқатар артықшылықтарды ұсынады:  
- Үміткерлер әлемнің кез келген нүктесінен онлайн түрде конкурстарға қатыса алады.  
- Қағаз құжаттар тапсырмай-ақ, барлық деректер автоматты түрде жүйеге жүктеледі.  
- Тестілеу кезеңінде заңнамалық актілер саны 9-дан 4-ке қысқартылды, ал ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті арнайы бағаланады.  
- Үміткерлердің жеке деректері анонимді түрде өңделеді, ал жеңімпаздарды анықтау автоматты түрде жүзеге асырылады.  
Жаңа жүйе іске қосылғаннан бері мемлекеттік қызметке үміткерлер саны артқан. Бұл мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтың өскенін көрсетеді. Өз кезегінде, Агенттік жаңа іріктеу жүйесін масштабтау жұмыстарын жалғастыруда, 2025 жылдың басынан қосымша 24, ал екінші жартыжылдығынан 26 мемлекеттік органда үміткерлер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы іріктелетін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта эмоционалды интеллект пен рухани даму деңгейін бағалайтын тестілер енгізу жоспарлануда.  
Екінші (2) кейс, үздік түлектерге жаңа мүмкіндіктер беру. Мысалы, мемлекеттік грантпен жоғары оқу орындарын жоғары үлгеріммен (GPA 3,33 кем емес) аяқтаған жастар аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды. Осы бағытта, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті еліміздің үздік университеттерімен (ҚазҰУ, SDU, AlmaU және т.б.) және аудандық әкімдіктермен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнге Алматы облысында осы бастама аясында 36 жас маман мемлекеттік қызметке қабылданып, халық игілігі жолында еңбек етуде.  
Үшінші (3) кейс, мемлекеттік қызметтегі басқарушы лауазымдарға талантты жастарды тарту мақсатында Өңірлік кадрлық резервтерді қалыптастыру. Президенттік жастар кадр резервінің жалғасы ретінде 2024 жылы елімізде алғаш рет Өңірлік кадрлық резервтері қалыптастырылды.
Алматы облысы бойынша 300 жуық үміткердің 26-ы резервке қабылданды. Олардың арасында ауылдық округ әкімдері, түрлі мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік, жеке сектордың өкілдері бар. Резервке алынғандар 2 жыл ішінде «Б» корпусындағы әкімшілік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.   
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке деген талаптар күшейді. Бұл өзгерістер – азаматтарға сапалы қызмет көрсету және халықтың сенімін арттыру бағытындағы маңызды қадамдар. Агенттік осы реформаларды сапалы жүзеге асыру арқылы әділетті, адал және білікті мемлекеттік қызметшілер қатарын арттыруды көздейді.  
Мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе eqyzmet.gov.kz порталына кіріп, өз мүмкіндігіңізді байқап көріңіз!  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы
Д. Сунатиллаев

Другие новости

В Конаеве проходят выборы депутатов маслихата

В Конаеве проходят выборы депутатов маслихата

В избирательных округах №1 и №5 проходят выборы на...

  08.12.2024   46
Уверенный подъем к высотам

Уверенный подъем к высотам

Талгарский район выделяется  быстрым ростом к...

  07.12.2024   127
Награждены лучшие

Награждены лучшие

На этой неделе  в рамках празднования Междуна...

  06.12.2024   185
Талғарлық жас талант Президенттің алғысына бөленді

Талғарлық жас талант Президенттің алғысына бөленді

Алматы облысы, Талғар ауданының 16 жастағы өнерпаз...

  06.12.2024   213
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.