Вторник, 10 Марта 2026

Бүгін Талғар аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Бүгін Талғар аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:  
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау және насихаттау;  
2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясындағы «Жол картасының» жүзеге асуы, атап айтқанда аудан көлемінде салынып жатқан жол құрылысы жұмыстары.
Бірінші мәселе бойынша Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Танат Есенкелдіұлы баяндама жасап, Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, оны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар мен партиялық құрылымдардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
Одан кейін сөз кезегі аудандық мәслихат депутаттары Байжұма Жандос Ескендірұлына, Үсенов Ғылымжан Ақылбайұлына және «Атамекен» ҰКП Талғар аудандық бөлімінің директоры Қалжанов Айдос Ермекұлына беріліп, олар өз пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша “Талғар ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ басшысы Досжанов Асхат Нұрадинұлы сөз алып, аудан бойынша салынып жатқан жолдардың жай-күйі мен орындалу барысы туралы есеп берді.  
Отырыс барысында қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, Жолдауды тиімді іске асыру жолдары талқыланды.

Другие новости

«Сізге алғысым шексіз»

«Сізге алғысым шексіз»

Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен...

  10.03.2026   72
Взаимовыгодное партнерство для инноваций

Взаимовыгодное партнерство для инноваций

В конце февраля состоялось подписание меморандума...

  10.03.2026   93
Масштабная модернизация и новые возможности

Масштабная модернизация и новые возможности

Прошедший год стал для компании «Қапшағай Бидай Өн...

  09.03.2026   281
Для грядущего урожая

Для грядущего урожая

В области заранее готовятся к весеннему паводку и...

  06.03.2026   269
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.