Суббота, 28 Февраля 2026

Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

Алматы облысында «Әйел аманаты» атты кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті

Іле ауданына қарасты Байкент ауылында 200-ге жуық әйел депутаттар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, көпбалалы аналар жиналды.

Іс-шараны «AMANAT» партиясы Алматы облыстық Әйелдер қанаты ұйымдастырды. Кездесуде қоғамдағы рөлі мен партияның Әйелдер қанатының бастамалары талқыланды. Спикерлер әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, гендерлік теңдік мәселелері және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты тақырыптарды қозғады.

«Біздің басты мақсатымыз – әйелдердің қоғамдағы орнын нығайтып, жақсы қызметтерге жетуіне көмектесу. Қазақстандағы алты партияның ішінде тек «AMANAT» партиясында әйелдерді саяси тұрғыдан дамытуға арналған нақты бағдарлама бар. Бұл – біздің үлкен мақтанышымыз. Біз әйелдердің бизнесте де, саяси басқаруда да тең өкілдік алуын қолдаймыз», – деді Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Роза Абилова.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, әйелдер бастамаларын қолдауға, партияның Әйелдер қанатының жұмысын тиімді үйлестіруге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

«Соңғы жылдары еліміздегі әйелдер қанаты белсенді жұмыс істеп келеді. 2023 жылы партияның Әйелдер қанаты құрылып, әйел көшбасшылығы мен құқықтарын қорғауға бағытталған он негізгі басымдықты анықтады. Бұл жүйелі тәсіл гендерлік мәселелерді шешуге және нақты өзгерістерге жетуге жол ашады», – деді Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» консультативтік-кеңесші органы жөніндегі кеңес төрайымы Меруерт Молдашева. 

Сондай-ақ, Алматы облысында «Tomiris» жобасы аясында 20-дан астам бастауыш партия ұйым төрайымы партиялық оқыту және көшбасшылық бойынша онлайн оқытудан өтті.

Айта кету керек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің үлесі шамамен 30 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді, әсіресе ауылдық жерлерде әйелдердің кәсіпкерлікке қызығушылығы артуда.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта әйелдердің кәсіпкерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Другие новости

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығ...

  26.02.2026   156
Бизнес на крыльях мечты

Бизнес на крыльях мечты

В индустриальной зоне «Қайрат» в Алматинской облас...

  26.02.2026   197
Пересчитали  в пользу жителей

Пересчитали в пользу жителей

Более 243 млн тенге вернули жителям Алматинской об...

  25.02.2026   177
Труд – вне зоны риска

Труд – вне зоны риска

Иллюстративное фото из архива редакции.Снижение пр...

  24.02.2026   220
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.