Суббота, 28 Февраля 2026

«САБАН FEST – 2025»: Райымбек ауданында еңбек адамдарына арналған мереке өтті

«САБАН FEST – 2025»: Райымбек ауданында еңбек адамдарына арналған мереке өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында жұмысшы мамандықтар жылы аясында «САБАН FEST – 2025» атты еңбек мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Фестиваль ауыл еңбеккерлерін ынталандырып, ауыл шаруашылығы саласында жетістікке жеткен үздіктердің еңбегін дәріптеуге арналды.

Іс-шара аясында асылтұқымды мал мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан шаруаларының еңбегінің нәтижесі көпшілікке паш етілді. Сонымен қатар, үздік еңбеккерлер түрлі аталымдар бойынша марапатталды. «Үздік механизатор», «Үздік малшы», «Егін және мал шаруашылығының үздігі» номинациялары бойынша жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.

Күздің соңғы күнінде өткен фестивальдің өткізу орны ретінде Райымбек ауданының таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі бұл өңір мал және егін шаруашылығын қатар дамытып отырған аграрлы аймақтың бірі. Биыл аудан шаруалары 2300 гектар алқапқа картоп егіп, әр гектардан орта есеппен 250–300 центнерден өнім жинаған. Бүгінде ауданда 270 мыңға жуық ұсақ мал, 70 мың ірі қара және 40 мың жылқы бар, соның ішінде 23 пайызы асылтұқымды.

Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев өз сөзінде: «Бұл шара – жыл бойы атқарылған еңбектің қорытындысы. Біз ауыл шаруашылығы саласында табанды еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдап, марапаттап, олардың еңбегін бағалау арқылы келешекке жаңа серпін беруді мақсат еттік».

Ал марапат иелерінің бірі, шаруашылық басшысы Олжас Қанапияев өз қуанышын былай білдірді: «Бүгін чемпион болғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің ғана емес, ұжымымның еңбегі. Он шақты адамнан тұратын коллективіме үлкен алғыс айтамын. Мұндай шаралар бізге үлкен мотивация береді», – деді ол.

Фестиваль соңында жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт ұйымдастырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, балуандар белдесіп, жастар арасында қошқар көтеру мен арқан тарту сайыстары өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «САБАН FEST» алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады. Бұл бастама – еңбек адамын ұлықтау, ауыл шаруашылығы саласына деген құрметті арттыру және жастарды еңбекқорлыққа баулудың жарқын үлгісі.

Другие новости

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті

Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығ...

  26.02.2026   156
Бизнес на крыльях мечты

Бизнес на крыльях мечты

В индустриальной зоне «Қайрат» в Алматинской облас...

  26.02.2026   197
Пересчитали  в пользу жителей

Пересчитали в пользу жителей

Более 243 млн тенге вернули жителям Алматинской об...

  25.02.2026   177
Труд – вне зоны риска

Труд – вне зоны риска

Иллюстративное фото из архива редакции.Снижение пр...

  24.02.2026   220
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.