Вторник, 13 Января 2026

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин, Алматы облысы Іле аудан Қараой ауылдық округі Н.Тілендиев ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты.  Жоба «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінде 900 оқушыға арналған жаңа үш қабатты ғимараттың құрылыс жұмысының 90% -ы орындалған, шатырын жабу, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру сынды жұмыстар жүріп жатыр. Кестеге сәйкес, нысан 2026 жылдың қараша айында салынып бітеді деп жоспарланған, алайда мердігер ұйым қыркүйекке дейін тапсыруға дайын екенін айтып отыр. Бұл мектеп оқушыларына жаңа оқу жылы партаға отыруға мүмкіндік береді.

Мәжіліс депутаты Максим Рожин атап өткендей, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат жаңа мектептер салуды және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді ғана емес, ең алдымен оқушылар мен олардың педагогтеріне қамқорлық жасауды да қамтиды.
Соңғы жылдары мұғалімдерді қолдау бойынша түбегейлі шешімдер қабылданды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан бері алты жыл өтті, ол айтарлықтай нәтиже берді. Сонымен қатар, біліктілігі мен өтілі үшін үстемеақылар енгізілді, мұғалімнің ерекше құқықтық мәртебесі бекітілді, оқытушылардың бірнеше санаты үшін демалыс күндері ұлғайтылды, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақылар және тағы басқалары ұлғайды. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының бастамасымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен жүргізіліп жатқан дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Жаңа мектептер тек заманауи кабинеттерден ғана емес, сондай-ақ ынталы, қорғалған педагогтарден де құралуы тиіс, – деп атап өтті депутат.

Нысанның жай-күйін көрген депутаттар мектеп инфрақұрылымын дамыту мемлекет үшін басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Алмасбек Сатибаевтың айтуынша, өңірдегі оқушылар санының өсуі білім беру мекемелерін де тездетіп салуды қажет етеді.

– Жаңа оқу жылында 1060 – қа жуық оқушы оқуларын бастайды, оның 75 – ке жуығы 1-сыныпқа барады. Мектептердің құрылысы отбасылардың өмір сүру сапасына тікелей байланысты. Білім берудің қолжетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл балалар мен ата-аналарға арналған нақты жағдайларға тікелей қатысты. Жаңа ғимараттар шамадан тыс жүктемені азайтады, екінші ауысымдар кемиді және қалыпты білім беру ортасы қалыптасады. Сондықтан мұндай нысандар біздің партиямыздың тұрақты бақылауында, – деп атап өтті ол.

Іле аудандық «AMANAT»  партиясы филиалы.

Другие новости

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу...

  13.01.2026   68
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ  «FRUIT ART» ЖЫЛЫЖАЙЫНА БАРДЫ.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЛАТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «FRUIT ART» ЖЫЛЫЖАЙЫНА БАРДЫ.

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс деп...

  13.01.2026   73
«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» – ОЗЫҚ БІЛІМ МЕН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек...

  13.01.2026   76
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫ 16194  ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫ 16194 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депу...

  13.01.2026   73
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.