Вторник, 10 Марта 2026

«Сізге алғысым шексіз»

«Сізге алғысым шексіз»

Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен мейірімділікті дәріптейтін, жүректен шыққан шынайы алғыс пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Осы атаулы күнге орай «Сізге алғысым шексіз» тақырыбында «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара аясында Зағиптар қоғамының мүшелерін тегін көз диагностикалық тексеруінен өткізді. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар арқылы білікті дәрігерлер кешенді диагностика жүргізіп, әрбір қатысушыға жеке кеңес берді. Бұл – көру қабілеті бойынша қиындық көріп жүрген азаматтар үшін үлкен қолдау болды.
Шара барысында партия өкілдері жиналған қауымды Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Олар қоғамда бірлік пен өзара қолдау құндылықтарын нығайтудың маңызын атап өтті. «Сізге алғысым шексіз» деген атаумен өткен бұл іс-шара тек медициналық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар адамға деген құрмет пен жанашырлықтың көрінісі болды.
Алғыс айту күні – жақсылық жасаудың, жүрек жылуын сыйлаудың, бір-бірімізге демеу болудың айқын үлгісі. «Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалы алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, халық игілігі жолындағы жұмыстарын жалғастыра бермек.

Ауыл партиясы Алматы қаласының филиалы баспасөз қызметі.

Другие новости

«Сізге алғысым шексіз»

«Сізге алғысым шексіз»

Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен...

  10.03.2026   90
Взаимовыгодное партнерство для инноваций

Взаимовыгодное партнерство для инноваций

В конце февраля состоялось подписание меморандума...

  10.03.2026   97
Масштабная модернизация и новые возможности

Масштабная модернизация и новые возможности

Прошедший год стал для компании «Қапшағай Бидай Өн...

  09.03.2026   282
Для грядущего урожая

Для грядущего урожая

В области заранее готовятся к весеннему паводку и...

  06.03.2026   269
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.