Воскресенье, 01 Ноября 2026

2026 жылдың I тоқсанында Алматы облысында тұтынушыларға 13 млн теңге қайтарылды

2026 жылдың I тоқсанында Алматы облысында тұтынушыларға  13 млн теңге қайтарылды

Алматы облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2026 жылдың алғашқы тоқсанын нәтижелі қорытындылады. Есепті кезеңде департаментке 1313 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (592 өтініш) екі еседен астам өсімді көрсетеді, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әсіресе электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер, білім беру, коммуналдық және медициналық қызметтер салаларында шағымдар саны артқан. Бұл – тұрғындардың құқықтық мәдениеті күшейіп, әділетсіздікке төзбеушілігінің белгісі.

«Әрбір өтініш жіті қаралып, заң аясында нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде 25 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 684 762 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар тұтынушыларға 13 281 000 теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл көрсеткіш департамент жұмысының тиімділігін және азаматтардың құқықтарын қорғауда нақты нәтижелер бар екенін дәлелдейді»,-деді Алматы облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Жеңісбек Ахметов.

Даулардың басым бөлігі сотқа дейінгі тәртіпте шешіліп, тұрғындарға уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берілді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы жауапкершілікті арттыруға ықпал етуде.

Спикердің айтуынша, сауда қызметін реттеу бағытында да жүйелі жұмыстар жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр.

«Департамент сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау және баға белгілеу талаптарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды. Жыл басынан бері 131 сауда субъектісіне қатысты 449 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 460 894 теңге көлемінде айыппұл салынды»,-деп айтты Жеңісбек Ахметов.
Бұл шаралар адал бәсекелестікті дамытуға, нарықтағы тәртіпті нығайтуға және тұтынушылардың сенімін арттыруға бағытталған. Алматы облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті алдағы уақытта да заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Другие новости

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Конаеве, на площадке Alatau Hub, 30 октября стар...

  31.10.2026   142
Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Қонаев қаласында, Alatau Hub алаңында 30 қазанда D...

  31.10.2026   144
«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы»...

  31.10.2026   136
«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

На рынке «Айша Сити» в городе Қонаев открылся пави...

  31.10.2026   143
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.