Суббота, 31 Октября 2026

Боралдайда өндіріс күшейіп келеді: Іле ауданының әкімі ірі жобаларды аралады

Боралдайда өндіріс күшейіп келеді: Іле ауданының әкімі ірі жобаларды аралады

Іле ауданында инвестициялық серпін жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов Боралдай кентіндегі өндірістік аймаққа барып, логистика, өндіріс және сусын шығару салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асу барысын көріп, кәсіпорын басшыларымен кездесті.

Қазір Боралдай тек кент емес — өндіріс пен логистиканың жаңа орталығына айналып келеді. Мұнда халықаралық деңгейдегі қоймалар салынып, жаңа зауыттар ашылып, жүздеген жұмыс орны құрылуда.

Сапар барысында аудан әкімі «Balsu Logistics» логистикалық кешенін аралады. 
Жалпы аумағы 22 мың шаршы метр болатын кешен жылына 90 мың TEU контейнерлік жүкті өңдеуге мүмкіндік береді. Жобаға 5 млрд теңге инвестиция тартылған.

Сондай-ақ, Қайыржан Жақсымбетов Орталық Азиядағы екі компонентті герметик өндіретін жалғыз кәсіпорын — «Stark Alpha» зауытына барды. Қазіргі таңда өндіріс орнында 33 адам жұмыс істейді.

Аудан әкімі сондай-ақ «CARLSBERG KAZAKHSTAN» зауытының құрылыс барысын көрді. Құны 201 млрд теңгені құрайтын жоба 2027 жылға дейін жүзеге асады. Болашақта мұнда 150 адам еңбек етеді.

Іле ауданында өндіріс көлемі артып, жаңа кәсіпорындар саны көбейіп келеді. Ал Боралдай бүгінде аудан экономикасының драйверіне айналып отыр.

Другие новости

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Конаеве, на площадке Alatau Hub, 30 октября стар...

  31.10.2026   117
Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Қонаев қаласында, Alatau Hub алаңында 30 қазанда D...

  31.10.2026   117
«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы»...

  31.10.2026   100
«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

На рынке «Айша Сити» в городе Қонаев открылся пави...

  31.10.2026   117
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.