Воскресенье, 01 Ноября 2026

Балалық шақ мекені

Балалық шақ мекені

Алматы қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Балалық шақ мекені» атты ауқымды республикалық акция өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау мен олардың игілігін қамтамасыз ету мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстап келеді. Президент бұл бағытта: «Өскелең ұрпақтың тағдырына бейжай қарамау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір бала – біздің еліміздің болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіз, бақытты әрі толыққанды дамуы үшін барлық жағдайды жасау біздің перзенттік те, азаматтық та парымыз», - деп үнемі атап өтеді.    
Осы ретте, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы  қаласында «Балалық шақ мекені» атты республикалық акцияға старт берілді. Аталған жоба Мемлекет басшысының саясатын іс жүзінде ілгерілету мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа мерекелік көңіл-күй сыйлау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және балалардың әлеуметтік әл-ауқатына қоғам назарын аудару болып табылады.
Мерекелік шара аясында Алматы қаласының Grand Park сауда және ойын-сауық кешенінде қызықты мәдени-танымдық бағдарламалар, шығармашылық конкурстар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Конкурстарға белсенді қатысқан барлық бүлдіршіндер мен түрлі бәсекелерде жүлделі орын алған жеңімпаздарға ойыншықтар, сыйлықтар мен әуе шарлары табысталды.
«Ауыл» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Ахметбек Қоңырбаев бұл бастаманың тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті:    ««Ауыл» партиясы үшін отбасылық құндылықтар мен балалардың бақытты балалық шағы – қашанда басты назарда. Бұл акция – әрбір баланың қоғамда өз орны бар екенін, олардың құқықтары мен армандары біз үшін маңызды екенін көрсетудің тамаша тәсілі. Интерактивті конкурстар арқылы біз балалардың белсенділігін арттырып, бойындағы таланттарын шыңдауды көздейміз. Әрбір кішкентай жеңіс пен марапат баланың болашаққа деген сенімін нығайтады».
Ұйымдастырушылар бұл бастама қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға және әрбір баланың бақытты балалық шаққа құқығы бар екенін көрсетуге бағытталған маңызды қадам болатынына сенімді.

«Ауыл» партиясының баспасөз қызметі.

Другие новости

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Конаеве, на площадке Alatau Hub, 30 октября стар...

  31.10.2026   134
Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Қонаев қаласында, Alatau Hub алаңында 30 қазанда D...

  31.10.2026   131
«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы»...

  31.10.2026   116
«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

На рынке «Айша Сити» в городе Қонаев открылся пави...

  31.10.2026   131
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.