Пятница, 07 Августа 2026

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өңірде мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар цифрлық жобалар жүзеге асырылуда.
Биыл облыс бойынша 2 754 мемлекеттік қызметші Astana Hub платформасында жасанды интеллект құралдарын қолдану бойынша арнайы оқытудан өтті. Бұл мемлекеттік аппараттың цифрлық құзыреттерін арттыруға және жаңа технологияларды күнделікті жұмысқа енгізуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында да жасанды интеллект технологиялары кеңінен қолданылуда. Бүгінде Алматы облысында 9 416 бейнебақылау камерасы мен 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді. Интеллектуалды жүйелер тұлғаларды тану, күмәнді заттарды анықтау және адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларды автоматты түрде тіркеу мүмкіндігіне ие. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 пайызға төмендеді.
Сонымен қатар, өңірде қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану фактілерін автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл жол қозғалысы ережелерінің сақталуын күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.
Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды интеллект негізіндегі TargetAI жүйесі облыстағы төрт мектепте пилоттық режимде іске қосылды. Жүйе құқық қорғау органдарының есебінде тұрған тұлғаларды анықтап, олардың мектеп аумағында пайда болуы туралы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына автоматты түрде хабарлама жібереді.
Алдағы уақытта Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 425 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесін қосу жоспарланған. Жоба аясында 2 мың камера жасанды интеллект негізіндегі бейнеталдау функцияларымен жабдықталады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Жасанды интеллект технологиялары орман шаруашылығы саласында да тиімді қолданылуда. Бүгінде 18 бақылау нүктесінде орнатылған камералар түтін мен өрт ошақтарын ерте анықтап, тиісті қызметтерге автоматты түрде хабарлама береді.
Халықтың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2026 жылдың шілде айында төтенше жағдайлар кезінде азаматтарды жедел құлақтандыруға арналған Mass Alert жүйесі іске қосылды.
Денсаулық сақтау саласында инсультті ерте анықтайтын Cerebra жасанды интеллект бағдарламасы енгізіліп, компьютерлік томография нәтижелерін жедел талдау арқылы дәрігерлердің шешім қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік беруде.
Өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытында да маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Алматы – Қонаев» автожолы бойындағы байланыс сапасын жақсарту мақсатында Жетіген көпірі маңында жеке инвестор қаражаты есебінен жаңа байланыс мұнарасы салынды. Қазіргі уақытта байланыс операторлары базалық станция жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеде Қонаев қаласы маңындағы «Көшпенділер қаласы» туристік аймағында жаңа базалық станция пайдалануға беріліп, мобильді байланыс пен интернет сапасы айтарлықтай жақсарды.
Инвесторлармен бірлесіп Tier III деңгейіндегі өңірлік деректерді өңдеу орталығын салу жобасы да іске асырылуда. Қазіргі таңда жер учаскесі бөлініп, нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Баспасөз мәслихаты барысында Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл өңірде жасанды интеллект технологияларын енгізу, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту және байланыс инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Другие новости

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында 325 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейді

Алматы облысында мемлекеттік басқару жүйесіне жаса...

  07.08.2026   70
На носочках к успеху

На носочках к успеху

В магазинах Алматинской области появились носки от...

  05.08.2026   177
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әл-ауқат индексінде көш бастады

Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орта...

  05.08.2026   153
Казахстан возглавил рейтинг благополучия среди стран Центральной Азии

Казахстан возглавил рейтинг благополучия среди стран Центральной Азии

Британский аналитический центр Legatum Institute о...

  05.08.2026   155
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.