Воскресенье, 16 Августа 2026

NIS Алматы-Наурызбай оқушылары GENIUS Olympiad-2026 дүниежүзілік олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды

NIS Алматы-Наурызбай оқушылары GENIUS Olympiad-2026 дүниежүзілік олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды

Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен беделді халықаралық экологиялық байқау  GENIUS Olympiad-2026 олимпиадасында Қазақстан намысын абыроймен қорғады. Байқауға әлемнің 80-нен астам елінен дарынды оқушылар қатысты.
Мектеп оқушылары Тимур Сакиев, Зере Нұрбол және Ализа Стыбаева өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
«Artificial Intelligence» санатында 10-сынып оқушысы Тимур Сакиев биология, жасанды интеллект және экологиялық шешімдер тоғысындағы ғылыми жобасын таныстырып,   күміс медаль иеленді.
Ал 11-сынып оқушылары Зере Нұрбол мен Ализа Стыбаева «Entrepreneurship» санатында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлік жобасын ұсынып, ІІ орын жүлдегері атанды.
GENIUS Olympiad-2026 дүниежүзілік олимпиадасы АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Рочестер қаласында, St. John Fisher University базасында өтті. Олимпиаданың серіктестерінің бірі — Rochester Institute of Technology (RIT). Университет күміс жүлдегерлерге бакалавриат бағдарламасына түскен жағдайда жыл сайын 18 000–20 000 АҚШ доллары көлемінде шәкіртақы алу мүмкіндігін ұсынады. Бұл шәкіртақы студент бакалавриатта оқуын табысты жалғастырған барлық кезеңде төленеді.
GENIUS Olympiad олимпиадасының миссиясы жастардың экологиялық бастамаларын қолдауға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келетін жобаларды дамытуға бағытталған. Байқау әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас зерттеушілер мен жаңашылдарды біріктіріп, тұрақты болашақ үшін тиімді шешімдер жасауға мүмкіндік береді.

Другие новости

Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

Августовская конференция: пять школ Алматинской области вошли в топ-100 лучших школ страны

В преддверии нового учебного года в Алматинской об...

  14.08.2026   214
От детского сада до цифровой школы

От детского сада до цифровой школы

Очередь в детские сады города Қонаев после запуска...

  14.08.2026   215
Диплом - первый помощник в поиске работы

Диплом - первый помощник в поиске работы

Пять тысяч студентов планируется принять в колледж...

  14.08.2026   160
Успехи региона: от рекордных 140 баллов до строительства новых школ

Успехи региона: от рекордных 140 баллов до строительства новых школ

Второй год подряд выпускник Алматинской области на...

  14.08.2026   123
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.