Пятница, 16 Октября 2026

Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылын бастады

Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылын бастады

Бүгінде елімізде 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылындағы 7 920 мектеппен салыстырғанда 1,6%-ға көп.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде орналасқан.

Есепті кезеңде жалпы білім беретін мектептердің ең көп саны Түркістан және Атырау облыстарында – бес мектептен пайдалануға берілді. Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екі мектептен пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 9 оқу орталығы пайдалануға берілді. Оның 3-еуі Қызылорда облысында, 2-еуі Шымкент қаласында, 2-еуі Атырау облысында, 1-еуден Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Алматы қаласында ауданы 10 662 шаршы метр болатын балалар шығармашылығы орталығы, ал Абай облысында ауданы 9 809 шаршы метр болатын оқушылар сарайы пайдалануға берілді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында мектептерге 4,1 млн-нан астам бала қабылдау жоспарлануда, оның ішінде 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. 2025-2026 оқу жылында мектептерде 3,9 млн-нан астам оқушы білім алды, оның ішінде 363 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барған болатын.

Другие новости

Уроки уважения к профессии

Уроки уважения к профессии

За оскорбление учителя при исполнении служебных об...

  15.10.2026   165
Мировой стандарт образования

Мировой стандарт образования

Город Қонаев впервые принял у себя международную о...

  09.10.2026   492
Урок длиною в жизнь

Урок длиною в жизнь

В преддверии Дня учителя особенно часто вспоминают...

  09.10.2026   248
От сельской школы к большой победе

От сельской школы к большой победе

На днях в городе Қонаев состоялось торжественное м...

  08.10.2026   402
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.