Четверг, 22 Октября 2026

Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығын дамытудағы басым бағыттардың бірі — өсірілген өнімді сақтап, оны дайын тауарға айналдыру. Асталған бағыттағы жұмыстар шаруаларға өнімін тиімді өткізуге, ал ауданға агроөнеркәсіптік өндірістің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы аудан басшысы Рустам Исатаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз маслихатында айтты. 
Ауданда жыл сайын шамамен 60 мың тонна қызанақ жиналады. Оның едәуір бөлігі өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі. Мәселен, аудандағы бір ірі кәсіпорын жыл сайын томат пастасын өндіру үшін 12 мың тоннадан астам қызанақ қабылдайды. Бұл ауданның қызанақ өнімінің бестен бірінен астамына тең.
Өңдеу саласын одан әрі дамыту мақсатында Тескенсу ауылдық округінде «Казах Глобал Фуд» жобасы жүзеге асырылмақ. Жобаның алғашқы кезеңінде алманы өңдеп, шырындар мен джемдер өндіру көзделген. Кейін өндіріс ауқымын кеңейтіп, қызанақ пен қияр сияқты көкөністерді өңдеу жоспарланып отыр.
Мұндай өндірістер жергілікті шаруашылықтар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің қосымша арнасын қалыптастырады. Сонымен бірге дайын өнім түрлерін көбейтіп, ішкі нарыққа және экспортқа шығарылатын тауар көлемін арттыруға жағдай жасайды. Қазір аудан өнімдері тұтынушыларға жаңа піскен көкөніс пен жеміс түрінде ғана емес, томат пастасы, алма шырыны, пюре және джем ретінде де ұсынылады.
«Өнімді сақтау инфрақұрылымы да маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта ауданда жалпы сыйымдылығы бір мезгілде 37 мың тоннадан асатын 26 мамандандырылған қойма бар. Оның ішінде 24 жеміс қоймасының сыйымдылығы 36 мың тоннаға жуық. Ал екі көкөніс қоймасы 1 300 тонна өнім сақтауға арналған»,-дейді аудан әкімі Рустам Исатаев.
Аудандағы ең ірі қойма кешенінің сыйымдылығы 7 мың тоннадан асады. Тағы бір қойманың сыйымдылығы 4 мың тоннадан жоғары. Бұл нысандар жиналған өнімді сақтауға және оны нарыққа кезең-кезеңімен жеткізуге мүмкіндік береді.
Қоймалар шаруалар үшін өнімді жинағаннан кейін бірден сатуға мәжбүр болмаудың маңызды тетігі саналады. Сақтау мүмкіндігі артқан сайын өнімді өткізу мерзімін жоспарлау, нарық сұранысын ескеру және табысты тұрақтандыру мүмкіндігі де кеңейеді.
Сонымен қатар ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін жаңа өндірістік жобаларға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, «Шелек» индустриялық аймағын агрокластер ретінде дамыту көзделген. Оның аумағы- 244 гектар. Бұл алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындарды орналастыру жоспарланып отыр.
Еңбекшіқазақ ауданы үшін келесі маңызды міндет — өндірілген өнімнің көлемін ғана емес, оны өңдеу үлесін де арттыру. Сақтау қоймалары мен өңдеу кәсіпорындарының қатар дамуы ауыл шаруашылығының қосылған құнын көбейтіп, жергілікті экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етеді.

Другие новости

Более 365 тонн сельхозпродукции представлено на ярмарке «Дала дәмі» в Алматинской области

Более 365 тонн сельхозпродукции представлено на ярмарке «Дала дәмі» в Алматинской области

Сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі» продолжае...

  22.10.2026   68
Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығын дамытудағ...

  22.10.2026   83
Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Еңбекшіқазақ ауданындағы суармалы жердің жалпы көл...

  22.10.2026   85
Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында жылына шамамен 50 мың тонна алма жиналады

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында жылына шамамен 50 мың тонна алма жиналады

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы қаласы мен Алматы облыс...

  22.10.2026   80
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.