Четверг, 22 Октября 2026

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Еңбекшіқазақ ауданындағы суармалы жердің жалпы көлемі - 80 мың гектар. Оның 20 мың гектардан астамы тамшылатып суару жүйелерімен және жаңбырлатып суару қондырғыларымен қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Рустам Исатаев баспасөз маслихатында мәлімдеді.
Алдағы уақытта  суару желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Жоба мемлекеттік бағдарлама аясында Ислам даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы жүзеге асырылады. Аудандағы жұмыстардың бірінші кезеңіне шамамен 49 миллиард теңге қарастырылған. Құрылысты келесі жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.
Жоспарға сәйкес, алдағы бір жарым жыл ішінде қосымша шамамен 12 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу көзделген. Бұл өндіріс көлемін арттырумен қатар, қолданыстағы жер ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
«Суару жүйелерін дамыту ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу мүмкіндіктерімен қатар жүруі тиіс. Осы мақсатта ауданның маңызды жобаларының бірі — «Шелек» индустриялық аймағы. Аумағы 244 гектар болатын бұл өндірістік алаң агрокластер ретінде дамытылады»,-деді аудан басшысы Рустам Исатаев.
Қазіргі уақытта индустриялық аймақтың инфрақұрылымын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында электр қосалқы станциясын, газ тарату станциясын, инженерлік желілер мен жолдарды салу көзделген. Сонымен бірге аумақта өрт сөндіру депосы және кәріз-тазарту құрылыстары болады. Инфрақұрылым жұмыстарын алдағы он айда аяқтау жоспарланып отыр.
Индустриялық аймаққа ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі өндірістерді тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта соя мен жүгеріні өңдеу жобаларына басымдық беріліп отыр. Мұндай кәсіпорындар жергілікті шаруашылықтар үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастырып, ауыл шаруашылығы шикізатын дайын өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.
Ауданның аграрлық әлеуеті егіс алқаптарының көлемімен де айқындалады. Алматы облысының суармалы жерінің 36 пайызы Еңбекшіқазақ ауданына тиесілі. Облыстағы бұрыш алқаптарының 77 пайызы, қияр алқаптарының 66 пайызы, қызанақ алқаптарының 63 пайызы және алма бақтарының 62 пайызы осы ауданда орналасқан.
Сондықтан суару жүйелерін жаңғырту мен өңдеу кәсіпорындарын дамыту аудан үшін өзара байланысты екі міндет болып отыр. Біріншісі — жердің өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты жүргізу. Екіншісі — жиналған өнімді сақтап, оны терең өңдеу арқылы шаруалардың табысын көбейту.
Алдағы кезеңде инфрақұрылымдық жобалардың іске асуы, инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу Еңбекшіқазақ ауданының агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден бастап, сақтауға, өңдеуге және өткізуге дейінгі жүйені өзара үйлесімді дамыту.

Другие новости

Более 365 тонн сельхозпродукции представлено на ярмарке «Дала дәмі» в Алматинской области

Более 365 тонн сельхозпродукции представлено на ярмарке «Дала дәмі» в Алматинской области

Сельскохозяйственная ярмарка «Дала дәмі» продолжае...

  22.10.2026   68
Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Алматы облысында «Казах Глобал Фуд» өнім өңдеу жобасы іске асырылады

Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығын дамытудағ...

  22.10.2026   84
Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында 12 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу жоспарлануда

Еңбекшіқазақ ауданындағы суармалы жердің жалпы көл...

  22.10.2026   87
Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында жылына шамамен 50 мың тонна алма жиналады

Алматы облысы: Еңбекшіқазақ ауданында жылына шамамен 50 мың тонна алма жиналады

Еңбекшіқазақ ауданы Алматы қаласы мен Алматы облыс...

  22.10.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.