Среда, 11 Февраля 2026

Алматы облысында «Көктем-2025» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

Алматы облысында «Көктем-2025» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

Алматы облысында "Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбында "Көктем-2025 "Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
2025 жылғы 6 ақпанда Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының аумағында өткізілген оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесі органдарының күштері мен құралдарын пайдалануды қамтыды. Барлық қызметтер ауылдың негізгі учаскелеріне бөлініп, онда су тасқынының алдын алу шараларын жүргізудің нақты қажеттілігі бары анық. Бұл учаскелерде Қотырбұлақ өзенін кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында 60 текше метр қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылып,сондай-ақ Қотырбұлақ өзенін 1,5 шақырым ұзындықта кеңейту және тереңдету жұмыстарын жасады.
Оқу-жаттығуға облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, №28237 әскери бөлім, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері қатысты.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Другие новости

Новый пост –  меньше риска

Новый пост – меньше риска

В селе Узынбулак Кегенского района появился свой п...

  06.02.2026   399
Когда счет идет на минуты

Когда счет идет на минуты

Пожарные не ждут чрезвычайных ситуаций - они готов...

  26.01.2026   1411
В Министерстве обороны определили задачи армии в контексте идей Национального курултая

В Министерстве обороны определили задачи армии в контексте идей Национального курултая

В Министерстве обороны состоялось заседание под ру...

  23.01.2026   1833
В подмогу сельчанам и спасателям

В подмогу сельчанам и спасателям

В Карасайском районе близится к завершению строите...

  17.01.2026   2270
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.