Вторник, 20 Января 2026

Президент:

Президент:

«Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды.

Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін.

Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.

Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін.

Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады».

t.me/aqorda_resmi

Другие новости

Президент:

Президент:

«Сонымен қатар Конституциямыздың мәтінінде жекелег...

  20.01.2026   54
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

«Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікі...

  20.01.2026   46
Президент:

Президент:

«Халық Кеңесі должен получить право законодательно...

  20.01.2026   53
Глава государства:

Глава государства:

«На новом этапе реформ Казахстану необходима широк...

  20.01.2026   47
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.