Пятница, 19 Июня 2026

Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда

Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураевпен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жүздесуде қос тарап екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта әлеуетті арттыруға ниет білдірді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Марат Сұлтанғазиев облыстың экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіп бағыттары жайлы қысқаша баяндады. Сонымен қатар инвесторлар тарту мен кәсіпкерлікті дамытуға заң аясында жасалып отырған қолдауларға, қолға алынып жатқан іргелі жобаларға да тоқталды. Өз кезегінде аймақ басшысы көрші ел делегациясына Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын, Алматы облысымен де өңіраралық байланыстардың нығайып келе жатқанын баяндады. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 16 пайызға артқан.

– Бүгінде Алматы облысында Ресей капиталының және бірлескен капиталдың қатысуымен 216 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – екіжақты іскерлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің айғағы. Бүгінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Өзара ынтымақтастықты нығайтуға өңірлердің мүмкіндігі зор. Әсіресе ауыл шаруашылығы, көлік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық айтарлықтай әлеуетке ие. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен инновациялық Алатау қаласы құрылды. Біз құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласы бойынша Ресей инвесторларын осы жобаға қатысуға шақырамыз, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Дмитрий Тураев екіжақты байланысты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар шетелдік делегация өкілдері ауыл шаруашылығы, агроинженерия саласындағы тәжірибелерін ортаға салып, өз өнімдерін Қазақстан нарығына саудалауға ниетті екендіктерін айтты.

Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жүздесуде туризмді дамыту мен өзге де ортақ тарихи және мәдени құндылықтарға да ерекше назар аударылды.

Другие новости

Зеленый курс на партнерство

Зеленый курс на партнерство

Лес по праву называют легкими нашей планеты. Поэто...

  05.06.2026   265
Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Екі елдің көлік министрліктері «КамАЗ» жария акцио...

  28.05.2026   260
Главам Казахстана и России продемонстрировали запуск беспилотного грузового автомаршрута «Астана – Москва»

Главам Казахстана и России продемонстрировали запуск беспилотного грузового автомаршрута «Астана – Москва»

Министерства транспорта двух стран в сотрудничеств...

  28.05.2026   188
Казахстан и Таиланд усиливают деловое партнерство: в Бангкоке состоялся Казахстанско-Таиландский бизнес-форум

Казахстан и Таиланд усиливают деловое партнерство: в Бангкоке состоялся Казахстанско-Таиландский бизнес-форум

В штаб-квартире Торговой палаты Таиланда состоялся...

  26.05.2026   337
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.