Суббота, 10 Октября 2026

Отан қорғаушылармен танысу – патриоттық рухтың бастауы

Отан қорғаушылармен танысу – патриоттық рухтың бастауы

25 қазан – Республика күніне орай, Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Елтай ауылындағы «Жайлы мектеп» оқушылары үшін ерекше тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті. Атап айтқанда, оқушылар «Қаскелең» шекара бөлімшесіне арнайы барып, шекарашылардың қызметімен жақын танысты.
Іс-шараның басты мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және шекара қызметінің маңызын түсіндіру болды. Республика күнін әскери бөлімде қарсы алу – балалар үшін ерекше әсер сыйлап, ел қорғау ұғымын нақты түсінуге мүмкіндік берді.
Сапар барысында оқушыларға шекарашылардың күнделікті қызметі, әскери құрал-жабдықтар мен бөлімшенің құрылымы таныстырылды. Әскери қызметшілер өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларға Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік жайлы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтты.
Балалар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі қызықты жауаптар алды. Бұл кездесу олардың бойында елге қызмет етуге деген ынта мен мақтаныш сезімін оятты.

Қанат СОВЕТХАНОВ,
«Қаскелең» шекара бөлімшесінің бастығының орынбасары, 
аға лейтенант.

Другие новости

Пограничная судьба

Пограничная судьба

К пограничному отделению, затерянному среди гор, м...

  08.10.2026   201
К вершинам, достойным имени... Зангар

К вершинам, достойным имени... Зангар

На дальних рубежах страны, на ветру, в непростых у...

  06.10.2026   205
В Алматинской области около 600 десантников простились с Боевым знаменем

В Алматинской области около 600 десантников простились с Боевым знаменем

В Конаевском гарнизоне на плацу 35-й отдельной гва...

  06.10.2026   208
В Конаевском гарнизоне 50 солдат получили сертификаты водителей

В Конаевском гарнизоне 50 солдат получили сертификаты водителей

В учебном центре Десантно-штурмовых войск военносл...

  05.10.2026   195
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.