Понедельник, 14 Сентября 2026

19 қаңтар – Тәрбие құрылымдары офицерлерінің күні

19 қаңтар – Тәрбие құрылымдары офицерлерінің күні

Бүгін елімізде тәрбиеші офицерлер күні атап өтіледі. Бұл – әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне жауапты, патриоттық сананы қалыптастыратын, сондай-ақ әскери ұжымдарда қолайлы ахуалды қамтамасыз ететін және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаумен айналысатын кәсіби мамандардың мерекесі.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тәрбие жұмысын күшейту және әскери тәртіпті нығайту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Аталған тапсырмалар  аясында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары қызметіндегі бес негізгі бағыт айқындалды. Оның ішінде қауіпсіздік мәселелеріне, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауға және олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға жағдай жасауға барынша  көңіл бөлінуде.

Әскердің қоғамға ашықтығы да біртіндеп күшейтіліп келеді. Депутаттардың, Бас редакторлар клубы өкілдерінің және «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешені жүзеге асырылуда.

Алдын алу және психологиялық қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасты. Заманауи диагностикалық әдістер мен цифрлық мониторинг құралдары қолданылып, әскери психологтардың даярлық деңгейі арттырылуда. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау және медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Нормативтік-құқықтық база жаңартылып, өңірлерде мектеп оқушыларымен, студенттермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізетін көшпелі ақпараттық-насихаттық топтар ұйымдастырылған.

Әскери қызметтің қауіпсіздігін арттыру мақсатында тәуекелдерді мониторингілеудің цифрлық жүйелері мен заманауи кері байланыс арналары енгізілді. Сенім телефондары, «AIsulu» Telegram-боты, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет сарбаздары жақындарымен байланысу үшін апта сайын пайдаланатын «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисі жұмыс істейді.

Жүзеге асырылып жатқан барлық бастамалардың артында тәрбиеші офицерлер тұр. Олардың үлесі тек моральдық рухты қолдауға ғана емес, сонымен қатар армияның тәртібі мен жауынгерлік әзірлігін нығайтуға бағытталған.

Другие новости

Школа дисциплины и стойкости

Школа дисциплины и стойкости

Столичные армейские будни воспитывают новое поколе...

  14.09.2026   152
ASAU-2026: шесть испытаний и девять финалистов

ASAU-2026: шесть испытаний и девять финалистов

Четыре тысячи военнослужащих, шесть испытаний и де...

  11.09.2026   252
В Алматинской области продолжается осенняя призывная кампания

В Алматинской области продолжается осенняя призывная кампания

Осенью текущего года в Алматинской области на сроч...

  11.09.2026   197
Граница закаляет характер

Граница закаляет характер

Рядовой срочной службы Максим Киселев охраняет гос...

  11.09.2026   138
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.