Воскресенье, 02 Августа 2026

Әскери рух пен тарихқа тағзым: Офицерлер үйіндегі тағылымды музей сапары

Әскери рух пен тарихқа тағзым: Офицерлер үйіндегі тағылымды музей сапары

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызметтік кинология басқармасының әскери қызметшілері мәдени тынығу іс-шарасы аясында Алматы қаласында 22 Панфиловшылар саябағындағы Офицерлер үйі ғимаратында орналасқан Әскери музейге барып, тарихи-танымдық мазмұны терең экскурсияға қатысты.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілердің рухани-идеялық деңгейін көтеру, тарихи сананы нығайту, тарихи мұраны құрметтеуге баулу және ел қорғау жолындағы батырлар ерлігіне тағзым ету болды.

Музей экспозициясында Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін құнды жәдігерлер кеңінен ұсынылған. Жәдігерлердің қатарында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тиесілі жеке заттар, тарихи маңызы зор құжаттар, түрлі мүсіндер мен сол кезеңдегі қару-жарақ түрлері бар. Әсіресе, майдан даласында қолданылған қарулар мен батырлардың жеке бұйымдары әскери қызметшілердің қызығушылығын оятып, ерекше ықыласпен қаралды. Қатысушылар ардагерлердің жеке заттарын, соғыс кезеңінде қолданылған қару-жарақ түрлерін, тарихи құжаттар мен мүсіндерді тамашалады. Әрбір экспонат өткен дәуірдің ауыр да даңқты жолын көз алдына әкеліп, ерекше әсер қалдырды.

Экспозициядағы ерекше құнды бөлімдердің бірі – қазақ халқының даңқты қолбасшысы, ержүрек батыры Бауыржан Момышұлының жеке заттары болды. Батырдың пайдаланған бұйымдары мен соғыс жылдарынан сақталған мұралары әскери қызметшілерге зор әсер етіп, олардың бойында отансүйгіштік пен ерлік рухын күшейтті.

Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар әскери ұжымның тарихи санасын қалыптастыруға, жас буынды ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Қатысушылар музейден ерекше рухани серпіліс алып, әсерлі көңіл-күймен оралды.

Бұл мәдени іс-шара әскери қызметшілердің патриоттық рухын көтеріп қана қоймай, олардың қызметке деген жауапкершілігін арттыра түсті. Осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасының 
әскери қызметшісі 
қатардағы жауынгер А.Т. Жунусова

Другие новости

В строю Национальной гвардии

В строю Национальной гвардии

На центральной площади города Қонаев состоялась це...

  02.08.2026   106
В строю – благодаря заботе

В строю – благодаря заботе

Служебная собака не может сказать, что у нее болит...

  31.07.2026   190
Проверка на прочность

Проверка на прочность

Шесть утра. Над полигоном «Амандық» еще только зан...

  31.07.2026   176
Ответственный за тишину

Ответственный за тишину

У подножия Заилийского Алатау, в одном из живописн...

  31.07.2026   181
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.