Среда, 07 Октября 2026

Көктерек ауылында жаңа баспананың кілтін алды

Көктерек ауылында жаңа баспананың кілтін алды

Бүгін Көктерек ауылында 24 отбасы үшін көптен күткен қуанышты күн туды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа баспаналардың кілті салтанатты түрде табысталды.

Жаңа үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат аясында беріліп отыр. Салтанатты шараға аудан басшылығы, жергілікті тұрғындар мен жаңа қоныс иелері қатысты.

Бүгінде Іле ауданында тұрғын үй кезегінде 5 770 азамат тіркелген. Оның ішінде 2 291-і – көпбалалы отбасылар, 2 072-сі – халықтың әлеуметтік осал топтары, 763-і – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 644-і – бюджеттік сала қызметкерлері.

2026 жылдың басынан бері ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 156 арендалық және 144 кредиттік баспана берілді. Бүгін Көктерек ауылында тағы 24 отбасы жаңа үйдің кілтін алды.

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Баспана – әр отбасының берекесі мен болашаққа деген сенімінің негізі. Бүгін 24 отбасының қуанышына ортақтасып отырмыз. Бұл – жай ғана үйдің кілті емес, жаңа өмірдің, жаңа мүмкіндіктің бастауы. Жаңа шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, әр үйден балалардың күлкісі естілсін. Қоныстарыңыз құтты болсын!» – деді аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов.

Жыл соңына дейін ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тағы 200 арендалық және 88 кредиттік үй беру жоспарланып отыр.

Жаңа қоныс иелері үшін бұл күн көптен күткен сәтке айналды. Солардың бірі баспана кілтін қолына алғандағы қуанышын жасырмады.

«Бұл күнді отбасымызбен ұзақ күттік. Өз үйіңнің кілтін қолыңа алу – сөзбен айтып жеткізу қиын сезім. Енді балаларымыздың өз үйі, өз бөлмесі бар. Біз үшін бұл үлкен қуаныш әрі жаңа өмірдің бастауы. Осындай мүмкіндікке қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз», – деді жаңа қоныс иелерінің бірі.

Көктеректегі бүгінгі салтанат 24 отбасы үшін жаңа мекенжай ғана емес, жаңа өмірдің алғашқы парағын ашқан күн болды. Енді жаңа үйлерге жан кіріп, жаңа шаңырақтарда балалардың күлкісі естілмек.

Другие новости

От обучения к собственному делу: история успеха Рустама Искандарова

От обучения к собственному делу: история успеха Рустама Искандарова

Житель микрорайона «Жетіген» города Алатау Алматин...

  06.10.2026   144
Рабочие места с перспективой

Рабочие места с перспективой

В Карасайском районе ведется активная работа по со...

  06.10.2026   143
«Күміс жас» – новые возможности для продолжения трудового пути

«Күміс жас» – новые возможности для продолжения трудового пути

Стремление трудиться не зависит от возраста. Реали...

  05.10.2026   175
«Ақылдым» расширяет свои возможности

«Ақылдым» расширяет свои возможности

Незадолго до профессионального праздника казахстан...

  02.10.2026   217
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.