Бүгін Көктерек ауылында 24 отбасы үшін көптен күткен қуанышты күн туды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа баспаналардың кілті салтанатты түрде табысталды.Жаңа үйлер халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат аясында беріліп отыр. Салтанатты шараға аудан басшылығы, жергілікті тұрғындар мен жаңа қоныс иелері қатысты.Бүгінде Іле ауданында тұрғын үй кезегінде 5 770 азамат тіркелген. Оның ішінде 2 291-і – көпбалалы отбасылар, 2 072-сі – халықтың әлеуметтік осал топтары, 763-і – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 644-і – б...