Воскресенье, 27 Сентября 2026

Таза бейсенбі: Қонаев қаласының жастары Іле жағасынын 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Таза бейсенбі: Қонаев қаласының жастары Іле жағасынын 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Алматы облысында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара Іле өзенінің бойындағы «Көшпенділер қаласы» мен «Таңбалы тас» шатқалы маңында ұйымдастырылып, аумақ қоқыстан тазартылып, жартастарға жазылған бейберекет жазулар өшірілді.

Акцияға 150-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында партия мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар бар. Бір күннің ішінде 9 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

«Іле бойы – өңірдің табиғи ажарын айқындап тұрған, көпшілік жиі баратын ерекше мекен. Алайда демалушылар саны артқан сайын бұл аумақта қоқыс көлемі де көбейіп, жартастарға ретсіз жазу қалдыру секілді келеңсіз әрекеттер белең алып отыр. Өткен жылы осы аумақта жүргізілген тазалық жұмыстары кезінде 30 тоннадан астам қоқыс шығарылған болатын. Биыл да мәселенің әлі күнге дейін өзекті күйінде қалып отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл акцияның басты мәні аумақты тазартумен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – елдің санасына тазалық мәдениетін сіңіріп, туған жерге деген жауапкершілікті күшейту», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров.

Тазалық жұмыстары кезінде қатысушылар қоқыс жинап қана қоймай, шатқалдағы жартастарға жазылған бейберекет жазуларды өшіруге де атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көптеген туристер бұл жерде өздері туралы естелік қалдыруға тырысады. Соның салдарынан жартастарда түрлі есімдер мен махаббат жайлы жазулар көбейген.

«Табиғи аумақтың бүгінгі ахуалы алаңдатарлық. Өзен жағасында пластик бөтелкелер, тамақ қалдықтары, орамалар, шыны сынықтары мен тұрмыстық қоқыс үйіліп қалған. Бұған қоса, «Таңбалы тас» шатқалы маңындағы жартастарда демалушылар қалдырған түрлі жазулар да көбейген. Табиғи ландшафт пен тарихи кеңістіктің көркін бұзатын мұндай көріністер бұл аумақтағы экологиялық мәдениет мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетеді», – деді облыстық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Әділет Айтқазы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Іле бойындағы тазалық мәселесін тек қоғамдық белсенділердің күшімен шешу мүмкін емес. Бұл үшін туристік аймақтарда санитарлық инфрақұрылымды күшейтіп, қоқыс контейнерлерінің санын арттыру, бейнебақылау жүйесін енгізу және табиғатты ластағандарға бақылауды қатаңдату қажет.

Другие новости

Экономь воду –  сохраняй будущее!

Экономь воду – сохраняй будущее!

Вода для сельского хозяйства - ресурс, от которого...

  26.09.2026   125
Прививая культуру чистоты

Прививая культуру чистоты

Около двухсот человек вышли на субботник в Талгарс...

  26.09.2026   115
Чистота без лишнего мусора

Чистота без лишнего мусора

Проблема отходов напрямую связана с культурой повс...

  26.09.2026   114
Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура формируется с детства. Поэт...

  26.09.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.