Воскресенье, 27 Сентября 2026

Чернобыль сабағы – табиғатты қорғауға ұмтылыс

Чернобыль сабағы – табиғатты қорғауға ұмтылыс

Алатау қаласында Чернобыль апатының 40 жылдығына орай тағылымды әрі мәні терең іс-шара өтті. Аталған дата – адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі ретінде есте қалып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын айқын көрсететін маңызды күн.

Осыған орай «Алматы облысы Чернобыль ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ардагерлерімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. Шараның басты мақсаты – өткеннің ащы сабағын ұмытпай, келер ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға үлес қосу.

Акция аясында Алатау қаласының «Құйған» ықшам ауданында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақты тазалап, жаңа көшеттер отырғызды. Бұл игі бастама тек экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Шара барысында ардагерлер жас ұрпаққа өнеге боларлықтай үлгі көрсетті. Олар өздерінің бірлік пен жауапкершілікке негізделген іс-әрекеттері арқылы қоғамда экологиялық сана мен азаматтық белсенділікті арттырудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы бүгінде еліміздің түрлі өңірлерінде кеңінен қолдау тауып, жалпыұлттық бастамаға айналып отыр. Осындай игі шаралар арқылы табиғатты қорғау ісі тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екені айқын сезіледі.

Алатау қаласында өткен бұл шара – өткенге тағзым мен болашаққа деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Тазалық пен тәртіпті сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екені сөзсіз.

Другие новости

Экономь воду –  сохраняй будущее!

Экономь воду – сохраняй будущее!

Вода для сельского хозяйства - ресурс, от которого...

  26.09.2026   125
Прививая культуру чистоты

Прививая культуру чистоты

Около двухсот человек вышли на субботник в Талгарс...

  26.09.2026   115
Чистота без лишнего мусора

Чистота без лишнего мусора

Проблема отходов напрямую связана с культурой повс...

  26.09.2026   113
Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура формируется с детства. Поэт...

  26.09.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.