Воскресенье, 27 Сентября 2026

AMANAT: Жамбыл ауданында қоғамдық қабылдаудан кейін 16 көшеге асфальт төселді

AMANAT: Жамбыл ауданында қоғамдық қабылдаудан кейін 16 көшеге асфальт төселді

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылында тұрғындар көтерген жол мәселесі өз шешімін тапты. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында айтылған өтініштен кейін ауылдағы 16 көшеге асфальт төселіп, жалпы ұзындығы 8,5 шақырым жол жаңғыртылды.

Ауыл тұрғындары қоғамдық қабылдауда елді мекен ішіндегі жолдардың ұзақ уақыт бойы жөнделмей келгенін жеткізген. Олардың айтуынша, жауын-шашын кезінде көшелер батпаққа айналып, көлік қозғалысы қиындаған. Бұл жағдай жаяу жүргіншілерге де, арнайы қызмет көліктерінің қатынауына да қолайсыздық туғызған.

«Біз бұл мәселені көптен бері көтеріп келдік. Жаңбыр жауса, көшемен жүру мұң болатын. Балалар мектепке әрең қатынап, көліктер батпаққа батып қалатын кездер жиі болды. Қазір ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. Өтінішімізге құлақ асып, мәселенің шешілуіне ықпал еткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді ауыл тұрғыны Сағымбек Самаев.

Тұрғындарды «AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Виталий Гринченко қабылдап, мәселе бақылауға алынған. Кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде Мыңбаев ауылындағы 16 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ауылішілік жол қатынасы жақсарып, тұрғындардың күнделікті қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Жаңартылған жолдардың жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды.

Другие новости

Экономь воду –  сохраняй будущее!

Экономь воду – сохраняй будущее!

Вода для сельского хозяйства - ресурс, от которого...

  26.09.2026   125
Прививая культуру чистоты

Прививая культуру чистоты

Около двухсот человек вышли на субботник в Талгарс...

  26.09.2026   115
Чистота без лишнего мусора

Чистота без лишнего мусора

Проблема отходов напрямую связана с культурой повс...

  26.09.2026   113
Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура — выбор молодых

Экологическая культура формируется с детства. Поэт...

  26.09.2026   96
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.