Понедельник, 08 Июня 2026

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылады

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымы ашылады

Алатаудың баурайын мекендеген жас буын тағы бір мәрте елге қызмет етудің, табиғатқа жанашыр болудың жарқын үлгісін көрсетпек. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының аясында 14–15 мамыр күндері «Адал еңбек – Таза орта – Нақты мүмкіндік» қағидасымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII республикалық еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтеді.

Шараға еліміздің 20 өңірінен келген эко белсенділер, табиғат сақшылары қатысады.

Жыл сайын мыңдаған жастың басын қосатын бұл жоба бүгінде еңбек пен елдік рухты ұштастырған үлкен қозғалысқа айналды. Биылғы республикалық жиын да табиғатқа тағзым мен адал еңбекке құрметті дәріптейтін тағылымды алаң болмақ. Екі күнге жоспарланған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастар, қоғам қайраткерлері, экологтар мен сарапшылар қатысады.

Шараның алғашқы күні Қонаев қаласында ресми ашылу салтанатымен басталып, «Адал еңбек – Таза орта – Нақты мүмкіндік» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылады.

15 мамыр күні жастар экологиялық бастамалардың нақты іске айналған сәтіне куә болмақ. Қатысушылар Қонаев қаласынан Көшпенділер қалашығына жол тартып, Іле өзенінің жағалауын тазалау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, ағаш отырғызу және қалдықтарды сұрыптау жұмыстарына белсене қатысады.

Табиғатқа жанашырлық танытқан белсенді жастар арнайы марапаттарға ие болады.

Другие новости

Черный саксаул против песков

Черный саксаул против песков

«В течение пяти лет будет осуществлена посадка бол...

  07.06.2026   198
В честь Дня эколога в Астане состоялась экологическая акция по посадке деревьев

В честь Дня эколога в Астане состоялась экологическая акция по посадке деревьев

6 июня 2026 года Министерство экологии и природных...

  06.06.2026   244
Чистый путь к горам

Чистый путь к горам

В стране проходит множество акций в рамках республ...

  06.06.2026   196
Стартовал прием заявок на республиканский конкурс рисунков «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы»

Стартовал прием заявок на республиканский конкурс рисунков «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы»

 В Казахстане стартовал прием заявок на респу...

  06.06.2026   226
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.