Понедельник, 21 Сентября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО-АКЦИЯ АЯСЫНДА ЕРЕКШЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО-АКЦИЯ АЯСЫНДА ЕРЕКШЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

14 мамыр күні Іле ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен коммуналдық сала мамандары белсенді қатысты.
Бұл жолғы сенбіліктің басты ерекшелігі — акция тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалаумен шектелмей, әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға нақты көмек көрсетуге бағытталды. Атап айтқанда, Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов аудан жастары және волонтерлермен бірге Байсерке ауылында тұратын жалғызбасты зейнеткерлердің үйлеріне барып, тазалық және абаттандыру жұмыстарына қатысты.
Еріктілер Валентина Васильевна мен Раиса Яковлевнаның аулаларын толық тазалап, сырлау, ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, аула аумақтарына көшеттер отырғызылып, тұрғындарға әлеуметтік әрі моральдық қолдау көрсетілді.
Валентина Васильевна 1952 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ұзақ жыл еңбек етіп, бүгінде жалғыз тұрады. 2020 жылдан бері арнайы әлеуметтік қызмет алады.
Ал Раиса Яковлевна 1936 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1943 жылы отбасымен Алматы қаласына қоныс аударып, 1954 жылы трикотаж фабрикасында еңбек жолын бастаған. 1991 жылы зейнеткерлікке шығып, 2000 жылдан бері Іле ауданының Байсерке ауылында тұрады. 2015 жылдан бастап арнайы әлеуметтік қызмет алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі мақсаты — тек тазалық сақтау емес, қоғамда жанашырлық, қамқорлық және өзара көмек мәдениетін қалыптастыру.
Жалпы, бүгінгі аудан бойынша өткен санитарлық тазалық сенбілігіне 2856 адам қатысып, 13 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 гектар аумақ тазартылып, 57 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, елді мекендердің аумақтары абаттандырылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іле ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Зарыбление - сильная экосистема водоема

Зарыбление - сильная экосистема водоема

На водной глади Капшагайского водохранилища произо...

  21.09.2026   233
Личный пример - в приоритете

Личный пример - в приоритете

В Карасайском районе продолжается реализация прогр...

  21.09.2026   72
Не оставлять после себя - простое правило

Не оставлять после себя - простое правило

Ежедневно тысячи работников коммунальных служб, ор...

  20.09.2026   187
Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Таза Қазақстан: чистый город - комфортный город

Комфортная городская среда состоит не только из но...

  20.09.2026   193
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.