Пятница, 09 Октября 2026

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бүгін Іле ауданының Өтеген батыр ауылында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсене қатысты. Жалпы іс-шараға 2 мыңнан астам адам қатысып, туған ауылдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.

Экологиялық акция барысында З. Батталханов, М. Әуезов, Қолдасов және С. Сейфуллин көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы 22 арнайы техника жұмылдырылып, 20 гектар аумақ тазартылды. Сенбілік қорытындысы бойынша 52 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Данияр Ермекұлы Сарымбеков «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты тек аумақтарды санитарлық тазартумен шектелмейтінін атап өтті.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама. Бұл акция тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Іле ауданында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әр бейсенбі сайын ауданның барлық елді мекендерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардың қатысуымен ауқымды сенбіліктер өткізіледі. Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бірлескен еңбектің арқасында ғана ауданымызды таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз», – деді Данияр Ермекұлы Сарымбеков.

Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Другие новости

Забота о природе с прицелом на будущее

Забота о природе с прицелом на будущее

В Алматинской области состоялся очередной этап зар...

  09.10.2026   81
Порядок начинается с малого

Порядок начинается с малого

Каждый четверг в Талгарском районе волонтеры, студ...

  09.10.2026   82
«Таза Қазақстан»: жители Алатау объединяются ради чистоты

«Таза Қазақстан»: жители Алатау объединяются ради чистоты

В рамках общенациональной экологической программы...

  09.10.2026   119
Беречь пространство, которым пользуются все

Беречь пространство, которым пользуются все

Парки, скверы, набережные и другие общественные пр...

  09.10.2026   109
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.