Воскресенье, 18 Октября 2026

Іле ауданында Білім күніне арналған іс-шаралар өтті

Іле ауданында Білім күніне арналған іс-шаралар өтті

1 қыркүйек – Білім күніне орай Іле аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан мектептерінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараларға қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында полиция қызметкерлері оқушылармен бірқатар профилактикалық және танымдық іс-шаралар өткізді.

Бастауыш сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеген арнайы боямақтар таратылды. Бұл материалдар балаларға қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп ережелерін ойын түрінде түсіндіруге бағытталған.

Сондай-ақ полиция кадет сыныптарының оқушыларымен «Полиция және балалар» тақырыбында сабақ ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылық, полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту және патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, үйден мектепке дейінгі қауіпсіз бағытты таңдау және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Другие новости

Уроки уважения к профессии

Уроки уважения к профессии

За оскорбление учителя при исполнении служебных об...

  16.10.2026   234
«Закон и порядок»: в городе Алатау проведена профилактическая работа по соблюдению правил продажи алкогольной продукции

«Закон и порядок»: в городе Алатау проведена профилактическая работа по соблюдению правил продажи алкогольной продукции

В рамках принципа «Закон и порядок» в городе Алата...

  16.10.2026   219
Сводка официальных опровержений за период с 1 по 15 октября 2026 года

Сводка официальных опровержений за период с 1 по 15 октября 2026 года

Фейк: «В Алматы передадут водопроводно-канализацио...

  16.10.2026   205
2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы б...

  16.10.2026   202
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.