Понедельник, 19 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА 25 ЖАҢА БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА 25 ЖАҢА БАЛАЛАР ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

Іле ауданында балалар мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктер көбейіп келеді. Биыл аудан аумағында 12 балалар ойын алаңы, 8 воркаут алаңы және 5 шағын футбол алаңы салынды. Бұдан бөлек, 2 балалар ойын алаңы қайта жаңғыртылды.

Жаңа нысандар ауданның бірнеше елді мекенін қамтыды. Өтеген батырда 2 балалар ойын алаңы қайта жаңғыртылса, Байсеркеде 2 воркаут алаңы салынды.

Ащыбұлақта 1 балалар ойын алаңы, Байкентте 1 балалар ойын және 1 шағын футбол алаңы бой көтерді. Ақсайда 2 балалар ойын алаңы, 2 воркаут және 1 футбол алаңы салынды.

Асқар Тоқпанов ауылдық округінде 2 балалар ойын алаңы мен 1 спорт алаңы, Қараойда 1 балалар ойын алаңы, 1 воркаут және 1 футбол алаңы пайдалануға берілді.

Боралдай кентінде 2 воркаут және 1 шағын футбол алаңы салынды. Қазіргі уақытта мұнда тағы 5 балалар ойын алаңының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ащыбұлақ ауылдық округінде тағы бір спорт алаңын салу жоспарланып отыр.

Жаңа алаңдар тұрғындардың өтініштері мен елді мекендердің қажеттілігі ескеріле отырып, кезең-кезеңімен салынуда. Бұл жұмыстар ауданның қоғамдық кеңістіктерін дамытуға ғана емес, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов жаңа қоғамдық кеңістіктерді қалыптастырумен қатар, олардың сақталуы да маңызды екенін атап өтті.

«Балалар және спорт алаңдары – ең алдымен тұрғындарымыз үшін жасалып жатқан ортақ игілік.

Сондықтан жаңа нысандарды салумен ғана шектелмей, олардың тазалығы мен сақталуына да жауапкершілікпен қарауымыз қажет. «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдық орындарда да сақталуы тиіс. Ортақ мүлікке ұқыпты қарау, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі», – деді аудан әкімі.

Другие новости

Уроки уважения к профессии

Уроки уважения к профессии

За оскорбление учителя при исполнении служебных об...

  16.10.2026   242
«Закон и порядок»: в городе Алатау проведена профилактическая работа по соблюдению правил продажи алкогольной продукции

«Закон и порядок»: в городе Алатау проведена профилактическая работа по соблюдению правил продажи алкогольной продукции

В рамках принципа «Закон и порядок» в городе Алата...

  16.10.2026   224
Сводка официальных опровержений за период с 1 по 15 октября 2026 года

Сводка официальных опровержений за период с 1 по 15 октября 2026 года

Фейк: «В Алматы передадут водопроводно-канализацио...

  16.10.2026   209
2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы б...

  16.10.2026   206
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.