Суббота, 27 Декабря 2025

АККА жақ-бет хирургтары бет остеосинтезі отасын жүргізді

АККА жақ-бет хирургтары бет остеосинтезі отасын жүргізді

Профессор Қ. Т. Төлеуов атындағы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді.

Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын доғал затқа ұрып алғанын айтты. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері ер адамды тексеріп, керекті тексерулерді жүргізді.

"КТ түсірілімінде біз сол жақта маңдай синусының алдыңғы және артқы қабырғасының сынуын белгіледік. Орбитаның медиальды қабырғасының сынуы. Сол жақтағы шек-орбиталық кешеннің сынуы, бет сүйектері мен бас сүйектерінің сынуын байқадық. Сондай - ақ, сол жақтағы маңдай сүйегіне қараған кезде ісіну және параорбитальды гематома байқалады", - дейді ЖБХ бөлімшесінің меңгерушісі Марат Ысқақов.

Дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, "кіші титан пластиналары мен бұрандыларды қолдану арқылы бет қаңқасының сүйектерінің жалпы остеосинтезі" отасын жасау туралы шешім қабылдады.

"Мұндай жарақаттар үшін сүйек сынықтарын дәл сәйкестендіру және бекіту маңызды. Бұл сүйектерді дұрыс және жылдам біріктіру үшін қажет. Сондықтан біз бет остеосинтезі секілді күрделі отаны жасауды шештік. Бұл ауыр жарақаттар мен деформациялар кезінде сүйек сынықтарын сәйкестендіру және бекітуге арналған хирургиялық операция. Отада негізі металл конструкциялар жиі қолданылады, біз пластиналар мен бұрандаларды қолдандық, себебі отадан кейін сүйектер тез өсіп, анатомиялық тұрғыдан дұрыс пішінді сақтайды", - деп қосты Марат Ысқақов.

Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында сүйек сынуының остеосинтезін үлкен жұмыс тәжірибесі бар сараптамалық деңгейдегі мамандар орындайды. Олар сыртқы және ішкі металл-остеосинтездің, сүйектерді автотрансплантациялаудың заманауи әдістерін қолданады. Емдеу әдісі әр науқас үшін жеке таңдалады.

"Науқастың маңдай аймағында тігілген жара болғандықтан, оған қол жеткізіліп, дренаждық түтік қойылды. Барлық ем міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүргізілді. Науқас 7-ші тәулікке еш шағымсыз, қанағаттанарлық жағдайда шығарылды", - деді ЖБХ бөлімшесінің меңгерушісі Марат Ысқақов.

Другие новости

АО «Банк ЦентрКредит» передал Алматинской многопрофильной клинической больнице современное оборудование для новорождённых

АО «Банк ЦентрКредит» передал Алматинской многопрофильной клинической больнице современное оборудование для новорождённых

АО «Банк ЦентрКредит» в знак благодарности за пяти...

  24.12.2025   193
Обсуждены вопросы ОСМС в Алматинской области

Обсуждены вопросы ОСМС в Алматинской области

В Алматинской области состоялось заседание региона...

  24.12.2025   211
Здоровье в шаговой доступности

Здоровье в шаговой доступности

То, чего в Шарыне ждали годами, наконец стало реал...

  22.12.2025   219
Укрепление  сельской медицины

Укрепление сельской медицины

Ко Дню Независимости в Карасайском районе прошли т...

  19.12.2025   191
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.