Пятница, 09 Октября 2026

Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші

Жастар – өзгерістердің қозғаушы күші

Қоғамның серпінді дамуы жастардың белсенділігіне байланысты. 15 наурызға белгіленген республикалық референдум – жас буын үшін ел болашағына ықпал етудің бірегей мүмкіндігі.

2026 жылғы 11 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы Жарлығы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға серпін береді.

Жаңа буын – ашық ойлайтын, әлемдік үрдістерді түсінетін, инновацияға бейім ұрпақ. Конституциялық реформалар да осы заман талабына сай басқару моделін жетілдіруге бағытталған.

Жастардың референдумға қатысуы – олардың мемлекет дамуына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл – болашаққа деген жауапкершілік. Бүгінгі таңда жасалған таңдау ертеңгі әлеуметтік мүмкіндіктерге, білім мен еңбек нарығына, азаматтық құқықтарға әсер етеді.

Сондықтан 15 наурыз – жастар үшін өз үнін білдіретін күн. Белсенділік – елдің жаңару жолындағы басты күш.

Қоғамдық пікір көшбасшысы
Еркінбекқызы Ақерке

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   136
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   147
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   140
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   156
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.