Алматы облыстық AMANAT партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды
Алматы облыстық «AMANAT» партиясы филиалының Атқарушы хатшысы болып Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы тағайындалды
Серік Нұрқадыров 1975 жылғы 11 желтоқсанда Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Ол Талдықорған экономика-технологиялық колледжін ауыл шаруышылық мамандығы бойынша, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы үздіксіз білім беру университетін «информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Кейін білім беру саласында жұмыс істеп, Қапшағай қаласындағы мектептерде мұғалім, тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші, мектеп директоры қызметтерін атқарған.
Партиялық және мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибеге ие. 2013 жылы Қапшағай қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. 2017–2022 жылдары Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022–2024 жылдары Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы болып жұмыс істеді. Атқарушы хатшы болып тағайындалғанға дейін Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы ретінде қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Қонаев қалалық мәслихатының депутаты.
Серік Нұрқадыров «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020), «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен (2021) марапатталған. 2024 жылы «Қонаев қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.





